Президенттің Телерадиокешені «Абайдың Қара сөздері» атты көркем киножобаның түсіріліміне кірісті

Алматы облысында «Абайдың Қара сөздері» көркем киножобасының түсірілімі басталды.



15 сериялы туынды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен жарық көрмек.  Олардың әрқайсысында қазақстандық кинематографияның танымал актерлері – Тұңғышбай Жаманқұлов, Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжанов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Аружан Жазылбекова, Аян Өтепберген және т.б. рөлдерде өнер көрсететін бас кейіпкердің жеке өміріне қатысы бар толыққанды сюжет бар.  



«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім», – дейді ұлы ойшыл өзінің «Қараз сөздерін» жазуға кірісер алдында.    



«Біз үшін бұл аса ауқымды, жауапты жоба. Біздің жұмысымыз Ұлы Абайдың мәңгілік мұрасын насихаттауға үлес қосатынын мақтан тұтамыз», – дейді Телерадиокешеннің бас директоры Раушан Қажыбаева. – «Оның философиялық көзқарастары мен даналығы ғасырлар бойы жасап келеді. «Қара сөздер» ешқашан өзектілігін жоғалтпайды және қоғамның рухани-мәдени өміріне бағдар береді».
Алматы қаласы мен Алматы облысына қарасты түрлі орындарда жүргізілетін түсірілім 2021 жылдың 25 қазанына дейін жалғасады.

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: