Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

«AЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТТАРЫ ДИРЕКЦИЯСЫ» РМК

udp-rk.kz

 Ұйымның құрылған күні:

«Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қазандағы «Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Парламентi мен Үкiметiнiң әкiмшiлiк үй-жайларына қызмет көрсету жөнiндегi дирекциясы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы №1427 қаулысына сәйкес құрылды.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы №311 қаулысына сәйкес қайта құрылды.

Қызмет саласы:

Кәсіпорын қызметің мәні қызметтік ғимаратты пайдалану, көлікпен қамтамасыз ету және қамтамасыз ету функцияларын орындайды.

Ғимаратты (құрылым) пайдалану тапсырмасына:

  1. Ғимараттың функционалдық тағайындалуына сәйкес тиісті қызмет етуін қамтамасыз ету;
  2. Қызмет мерзімінің ағымында нысанның жоспарланған пайдалану сипаттамасын қамтамасыз ету;
  3. Орнатылған қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету;
  4. Ғимараттың инженерлік-техникалық жүйесінің апатсыз жұмысын қамтамасыз ету кіреді.


Ұйымның сипаты:

«Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК ұйымдастырушылық-құқықтық формасындағы заңды иесі болып саналатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын.