«Бурабай даму» ЖШС

  1.  Мекенжайы

    Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 38 

  2.  Электронды поштасы

    mail@burabaydamu.kz, info@burabaydamu.kz (ақпараттық байланыс орталығы) 

  3.  Веб-сайты
  4.  Байланыс телефондары

    қабылдау бөлімі: + 7 71636 71780 

    факс: + 7 71636 71796 

    байланыс орталығы: +7 71636 7 20 15     +7 707 530 22 20 

    ақпараттық  байланыс орталығы (call-center) 1405 

  5.  Әлеуметтік желілердегі аккаунттары

    Instagram: burabay_resort, Facebook: burabayresort

  6.  Ұйымның толық атауы

    "Бурабай даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

  7.  Басшылық

    бас директор - Пернебаев Нурдаурен Сайлаувич

    бас директордың орынбасары  - Горбачев Павел Викторович 

    бас директордың орынбасары – Кенжешов Қасымжан Ғалымжанұлы 

  8.  Ұйымның құрылған жылы

    "Бурабай даму" ЖШС-гі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №105 қаулысы негізінде құрылды 

  9.  Қызмет саласы

    "Бурабай даму" ЖШС қызмет саласы: Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының объектілерін күтіп – ұстау және пайдалану, Бурабай және AQBURA курорттарын дамыту, сондай-ақ туристік-операторлық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

  10.  Компанияның міндеті

    "Бурабай даму" ЖШС-нің міндеті Щучье-Бурабай курорттық аймағының және AQBURA курортының тартымды туристік имиджін қалыптастыру, өңірдің туризмін дамыту, туристік маршруттарды абаттандыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру есебінен туристік ағынды ұлғайту.

  11.  Ұсынылатын қызметтер мен нысан орындары

    1) Бурабай курортының Визит- Орталығы

    Визит-Орталығы аумағында зообақ, табиғат мұражайы, экзотикалық жануарлары бар террариум, тарихи-өлкетану мұражайы, аттракциондар паркі және шолу дөңгелегі бар. Сондай-ақ, туристік ақпараттық орталық жұмыс істейді, онда әрбір турист Бурабай және AQBURA курорттары туралы өзін қызықтыратын кез келген ақпаратты ала алады.

    2) "ForestFarm AQ MARAL" марал шаруашылығы

    Кешеннің аумағында киіз үйлер орналасқан этноауыл бар. Мұнда әрбір турист түнеуге тоқтап, қазақтың қонақжайлығын сезіне алады. Садақ ату, киіз үй құру, алаша тоқу сында шеберлік мастер-класстар өткізіледі. Сонымен қатар, үй өнімдері мен орман сыйынан әзірленген қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуға болады.  Ал, ат ерттеп, орман алқабында серуендеймін деушілерге ат қора салынып, таза ауамен тынығып, демалуға арналған бастырма мен монша бөшкелері орнатылған. Сондай-ақ, кешеннің аумағында табиғи балға толы омарта да бар.

    3) Абылайхан алаңындағы «Мультимедиялық интерактивті кешен»

    Кешенде жаңа технологиялар арқылы ел тарихына шынайы енгеніңізді сезіне аласыз. Ол келесі тақырыптық аймақтардан тұрады: "Қазақстандық арман", "Самрұқ құсының ұшуы" аттракционының алдын – ала көрсетілімі, "Самрұқ құсының ұшуы" - 5D форматында виртуалды шындыққа батыру, "Батырлар даласы" - түрлі виртуалды симуляторлар мен аттракциондарға толы зал, "Мәңгілік ел" - мұнда барлық қазақ рулары мен тайпалары туралы ақпарат, сондай-ақ бірегей "жарық шоуы", "Арманның іске асуы" залы Тәуелсіздік дәуіріндегі Қазақстан тарихымен бейнетүсірілім көрсетеді, "Уақыт дәлізі" соңғы залында Қазақстанның қазіргі заманғы тарихындағы айтулы оқиғалар хроникасы ұсынылған.

    4) "Burabayland" ойын-сауық саябағы

    "Burabayland" ойын-сауық паркінің аумағында отбасылық демалыс аймағы жұмыс істейді. Жазда мұнда тамақтану, балық аулау, атпен серуендеу мен қайық, катамаран және велосипедтерді жалға беру қызметтері ұйымдастырылған. Балаларға арналған аттракциондар, картинг, жабдықталған жағажай бар.

    Ал қыста хаски иттері мен ат жегілген шанамен сырғанап, квадроцикл, қарда жүретін көлік, шаңғы және коньки тебуге болады. Сондай-ақ, Қазақстандағы Санта Клаустың нағыз үйі – "Санта резиденциясы" жұмыс істейді.

    5) Aqbura курорты

    "Ақ бура" курорты Бурабай кентінен 12 км қашықтықта орналасқан. Бұл Үлкен Шабақты мен Текекөл көлдерінің жағасында бой көтерген керемет курорт. 

    Биік те, сұлу таулардың, көгілдір көл мен шексіз даланың көрінісінен рахат аламын деушілер бүгінде "Ақ бураға" демалуға келіп қана қоймай, «Жыл мезгілі», «Садақшы», «Айдаһар» және ең танымал мүсіннің бірі «Орман сақшысы» атты көркем композициялармен суретке түсе алады. 

    6) Жаяу және велосипед жолдары, жалға беру пункттері

    Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту мақсатында серуендеуге арналған велосипед пен жаяу жүргіншілер жолдары салынды.

    Жаңа веложолдың ұзындығы 32 километрді құрайды. Ол Burabayland ойын-сауық саябағынан басталып, Щучье және Бурабай көлдерінің ағындары арқылы ну орманды, туристік жағажайлар мен көрікті жерлерді жағалай «Айнакөл» жалға беру пунктіне дейін созылады.

    Сондай-ақ, жаңа веложолдың бойында жазда велосипедті, ал қыста шаңғы, коньки немесе шананы жалға беретін жеті арнайы пункт орналасқан. 

Мемлекеттік сатып алудағы ұйымның толық атауы: «Бурабай даму» ЖШС

Тізімге оралу