Тартысты додада тамаша өнер көрсетті

21 тамыз – Спорт күні мерекесіне орай мемлекеттік органдар арасында спартакиада өтті. 23 мемлекеттік органның өкілдері бақ сынаған жарыста ҚР Президенті Іс Басқармасының командасы жақсы нәтиже көрсетіп, футзалдан жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Тартысты бәсекеде ҚР ПІБ қызметкерлерінен жасақталған команда тамаша ойын өрнегімен танылып, тек Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілдеріне жол берді.

Мәдениет және спорт министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мұрындық болған спорт шарасында командалар футзалдан бөлек волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярдтан сайысқанын айта кетейік.  

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: