Басшылық туралы мәлімет

Дәдебаев Айбек Арқабайұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы
1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында туған.

2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған; 2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы.

2001-2002 жылдары – Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы;

2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы;

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева;

2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі;

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары;

2021 жылғы 28 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары.

2022 жылдың 11 қантарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы. 

ІІ класты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

Хорошун Сергей Михайлович
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары

1966 жылғы 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітірген.  

1990-1995 жылдары – "Целинограджилстрой" ӨҚБ монтаждау легінің аға прорабы, бастығы.

1995-1997 жылдары –  Целинная темір жол басқармасы инвестиция және күрделі құрылыс қызметінің инспектор-қабылдаушысы, құрылыс бөлімінің инспекторы.

1997-1998 жылдары – "Қазақстан темір жолы" РМК Жобалау және күрделі құрылыс басқармасы сапа және қабылдау жұмыстарының инспекторы, «Ақмола темір жолы» РМК күрделі құрылыс қызметінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапа және қабылдау жөніндегі инспекторы.

1998-2000 жылдары – "Горкоммунхоз" МК техникалық қадағалау бөлімінің бастығы, Күрделі құрылыс басқармасы бастығының орынбасары.

2000-2003 жылдары – Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2003-2004 жылдары – Астана қаласы «Лига Полис» ЖШС директоры.

2004-2005 жылдары – Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2005-2006 жылдары – Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2006-2010 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2010-2019 жылдары – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

2019 жылғы 8 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары

«Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерімен наградталған

Оразбай Ерлан Сапарұлы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары

1979 жылғы 13 қарашада Өзбекстанда Ташкент облысының Чирлик қаласында туған.

2011 жылы «Тұран Астана» университетін, 2016 жылы Қазақ технология және бизнес университетін бітірген, экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК «Салтанат Сарайы» қабылдау үйінің даяшысы болып бастаған.

2004 – 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК № 1 асханасының даяшысы болып жұмыс істеген.

2005 – 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК-ның «Ақорда» резиденциясындағы асханасының даяшысы.   

2012 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК № 1 асханасының метрдотелі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қараөткел» РМК «Қызылжар» резиденциясының метрдотелі.

2013 – 2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қараөткел» РМК директоры.

2017 – 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары.

2019 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.

Әкімжанова Маржан Әбдіюсупқызы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары

1971 жылы 19 маусымда Алматы облысындағы Нарынқол ауданының Шалкөде аулында туған.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген.

1991-1993 - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының механика және машинатану институтының зертханашысы, шаруашылық меңгерушісі, кадр бөлімінің инспекторы;

1993-1995 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің редакциялық-баспа бөлімінің маманы;

1995 - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің маманы;

1995-1997 - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Аумақтық даму бөлімінің маманы;

1997-2012 - Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің аға маманы, референті, аға референті, сарапшысы, аға сарапшысы, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі;

2012-2021 - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2021 жылғы 4 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2022 жылғы 25 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Президент Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Дәрібаев Мұрат Аманкелдіұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы аппаратының басшысы

1971 жылы 11 маусымда Қызылорда облысының Тереңөзек кентінде туған.

1996 жылы Алматы Автожол Институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2004 жылы М.Т. Рысқұлов Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының экономисі, ғылыми қызметкері, шағын бизнес бөлімінің сектор меңгерушісі;

2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі;

2002-2003 жылдары-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Шағын бизнесті қолдау Комитеті төрағасының орынбасары;

2003-2004 жылдары-Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Көлік және телекоммуникация секторларын реттеу департаментінің директоры;

2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі аппаратының басшысы, кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры;

2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас инспекторы;

2006-2007 жылдар – «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бірінші орынбасары;

2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы;

2009-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2012-2015 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары;

2015-2017 жылдары – «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» АҚ басқарма төрағасы

2017-2018 жылдары - Алматы әкімінің орынбасары.

2019-2021 жылдары – «ҚазАгро «Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры -  басқарма мүшесі;

2021-2022 жылдары - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры.

2022 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы аппаратының басшысы болып тағайындалды.