«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК

  1.  Мекенжайы

    010014 Астана қаласы, Есіл ауданы, өтпежол 77, 2/2 ғимарат

  2.  Электрондық пошта

    info@airberkut.kz

  3.  Байланыс телефондары

    қабылдау бөлмесі 767 797 факс 767 787

  4.  Ұйымның толық атауы

    ҚР ПІБ «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» ШЖҚ РМК

  5.  Басшы

    Еркебулан Сансызбайұлы Оспанов - директор

  6.  Басшының орынбасарлары

    Ербол Серікұлы Жанғабылов - директордың орынбасары 

    Талғат Әлікұлы Темірбаев - директордың орынбасары 

    Адилбай Жандарұлы Оразалиев - директордың орынбасары 

    Гүлнара Жәдігерқызы Ескендірова - директордың орынбасары 

  7.  Ұйымның құрылу жылы

    2000 жыл 

  8.  Қызмет саласы

    Азаматтық авиация 

  9.  Көрсетілетін қызметі

    Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын қамтамасыз ету және жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа авиациялық қызмет көрсету 

  10.  Ұйымның сипаттамасы

    ҚР ПІБ «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ аймағында орналасады.

    Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК құру туралы» 2000 жылғы 18 мамырдағы №745 қаулысымен құрылды.

    Кәсіпорынды басқару органы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы болып табылады.

    Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын қамтамасыз ету және жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа авиациялық қызмет көрсету болып табылады.

  11.  Сертификаттары, лицензиялары

    2017 жылғы 09 қаңтарда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінен берілген (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға) Ұшуды орындау құқығына арналған куәлік, № KAZ-03/001

    2017 жылғы 13 желтоқсандағы  Халықаралық әуе көлiгi қауымдастығының (ИАТА) Ұшу қауіпсіздігі стандарттарының сәйкестік сертификаты (IOSA). 

    Еуропалық авиациялық қауіпсізідік жөніндегі агенттігімен 2013 жылғы 18 маусымда берілген EASA Part -145 стандарттары бойынша А-320/321/330, Emb135, Cl850 әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің орындалуына сәйкестігі сертификаты;

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінен берілген 2017 жылғы 27 қыркүйектегі №007/17 Авиациялық техниканы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру сертификаты;

    2014 жылғы 30 маусымдағы SAFT авиациялық аккумулятор батареяларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі №0614001 сертификаты;

    «Airbus Corporate Jets» компаниясымен берілген 2011-2012 жылдарындағы Азиядағы А-330 әуе кемесінің алғашқы пайдаланушысы сертификаты.

     

 

Мемлекеттік сатып алудағы ұйымның толық атауы: «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК

 

Тізімге оралу