Президенттің іс басқарушысы «Бурабай» МҰТП ұжымын құттықтады

Бүгін Президент Іс Басқармасына қарасты ұйымдардың бірі «Бурабай» Ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 22 жыл толды. Осы атаулы күнге орай Президенттің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаев жаңа белесті бағындырған ұжым мүшелерін құттықтады.

– Табиғи мұраны қызғыштай қорып, кейінгі буынға аманаттай білген ерен еңбектеріңіз үшін Сіздерге ризашылығымды білдіремін! Барша ұжым мүшелеріне мықты денсаулық, мол табыс және бақ-береке тілеймін!– деп жазды А.Дәдебаев өзінің телеграм арнасында (https://t.me/udp_dadebayev/187)

Ол Ұлттық паркте өз ісінің білгірі саналатын 516 маман жұмыс істейтінін айта келіп, ұзақ жылдардан бері тер төгіп жүрген еңбек әулеттері мен байырғы қызметкерлерге ерекше тоқталды. Ұжымның жергілікті флора мен фаунаны сақтау, туризмді дамыту жолындағы жетістіктерін атап өтті.

Бұл орайда, биыл кәсіпорын қызметкерлері 16 өрттің алдын алғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ жыл басынан бері парк аумағынан 715 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: