Президенттік клиниканың дәрігерлері Орал қаласында пациенттерді тегін қабылдайды

Пациенттер кардиолог пен аритмолог мамандарының косультациясын алалады.

 

Қандай шара: «Менің сүйікті дәрігерім» көшпелі акциясы аясында тегін дәрігерлік консультация. Президенттік клиниканың дәрігерлері Әлібек Тойбаев - кардиохирург және Шалқар Смағұлов – дәрігер-аритмолог пациенттерді қабылдайды.

 

Мекенжайы: Орал қаласы, «Облыстық көп бейінді аурухана»

 

Қабылдау күні: 4-5 мамыр күні, 10:00 – 17:00 сағат аралығында

 

Консультацияға қандай құжат қажет:

• жеке басын куәландыратын құжат;

• кардиохирургтің қабылдауына: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/КТ дискісі;

• аритмологтың қабылдауына: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы болуы тиіс.

 

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: