«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

1. Қоғамның толық атауы:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» Коммерциялық емес акционерлік Қоғамы:
Қоғамның қысқартылған атауы:
«ҚР. Президентінің ТРК» КЕАҚ-ы :
2. Басшысы: Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы - бас директор
3. Басышының орынбасары:
- Аймаков Бауржан Жанабекович - бас директордың орынбасары;
- Макажанов Кайрат Сагатбекович - техникалық директор
4. Ұйымның құрылған жылы:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені » КЕАҚ-ы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.1996 ж «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мемлекеттік мекемесін құру туралы» №1671 Қаулысына сай, сондай-ақ, ҚР «Акционерілік қоғамдар туралы » Заңымен және ҚР Үкіметінің «ҚР Президентінің ТРК» Коммерциялық Емес Жабық Акционерлік Қоғамын қайта құру жөніндегі 17 тамыз 1999 жылғы № 1178 Қаулысына сәйкес қайта құрылды.
ҚР Президенті Іс Басқарушысының 2005 жылдың 11 ақпандағы №06/20 бұйырығына сай 2005 жылдан осы уақытқа дейін «ҚР Президентінің ТРК» КЕЖАҚ-ынан «ҚР Презиидентінің ТРК» КЕАҚ-ы болып қайта аталып келеді.
5. Қызмет саласы:
Қоғамның негізгі қызметіне Қазақстан Республикасы туралы Қазақстан Республикасы Мемлекетінің басшысы мен Үкіметінің қызметтері сондай-ақ, жүргізіліп жатқан реформалар мен әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысы жайында аудиокөрілімдік ақпараттар жасап, тарату жатады.
Қоғам жүзеге асыратын қызметтер түрлері:
1) Бейне-аудио,кино және фотоқұжаттар жасап,жинап,өңдеу,сондай-ақ, оларды қалыпқа келтіріп, жүйелеп отыру:
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке Мұрағатына арнап бейне-аудио,кино және фотоқұжаттар жасау:
3) Бейнефильмдер мен телебағдарламалар өндірісін жасап және тарату:
4) Кинофестифалдар, форумдар, концерттер, конференциялар, байқаулар ұйымдастырып, өткізу:
5) Журналдар,газеттер,буклеттер және өзге де баспа өнімдерін шығару:
6) Ақпараттық және жарнамалық қызметтер көресту:
7) Өзінің құрылу мақсатына кері келмейтін өзге де қызметтер түрлері:
6. Веб-сайт: www.ptrk.kz
7. Байланыс телефондары: тел: 8(7172) 75-21-07, факс: 8 (7172) 75-13-03
8. Мекен-жайы: г.Нұр-Сұлтан, Бейбитшилик 4
Ұйым сатып ал: «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы