Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

«ҚР ПІБ «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК

1. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000,Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 6, «Үкімет Үйі».

2. Электрондық пошта: directorate@daz.udp-rk.kz

3. Байланыс телефондары: 8(7172) 745031, факс: 8(7172) 745170.

4. Ұйымның толық атауы:

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

5. Басшысы:

    Ерғазы Оразбайұлы Инербаев – директор.

6. Басшының орынбасарлары:

— Тулебаев Мұрат Болатұлы – директордың бірінші орынбасары;

— Мырзаханов Жамбулхан Советханұлы - директордың орынбасары;

— Смагулов Абдулла Қабиденұлы – директордың орынбасары;

— Касенов Талғат Амангелдыұлы - директордың орынбасары;

— Қосымбаев Мұрат Болатұлы - директордың орынбасары.

7. Ұйымның құрылған жылы:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қазандағы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Парламенті мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарына қызмет көрсету дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы қаулысына сәйкес құрылды.

8. Қызмет саласы:

Қызметтік ғимараттарды пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін мен Үкіметін жабдықтау функцияларын орындау.

9. Берілетін қызметтер:

1) «Ақорда» резиденциясы мен «Үкімет Үйі» ғимаратын, сондай-ақ Кәсіпорын теңгеріміндегі және Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынға қызмет көрсетуге берген басқа да ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының, Премьер - Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министр орынбасарларының және Президент Әкімшілігі басшысының, Президент Іс Басқарушысының және оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлері қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 

3) «Ақорда» резиденциясы мен «Үкімет Үйі» ғимаратын, оның ішінде олардың қызметтік пен өндірістік орынжайлары мен құрылыстарын жиһазбен, еден төсеніштерін кілем бұйымдарымен, баспа өнімімен, кеңсе, санитарлық-тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық заттармен, парфюмерия өнімімен жабдықтау;

4) Кәсіпорын қызмет көрсететін ғимараттарды, инженерлік жүйелер мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру;

5) қызметтік пен өндірістік-техникалық орынжайларды, жалпы пайдалану орындарын тазалау және күтіп ұстау мен іргелес аумақтарды, гүлзарларды мен жасыл екпелерді абаттандыру;

6) тиісті саланың уәкілетті органы үшін жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстарды орындау кезінде тапсырыс беруші болу және шарттар жасау;

7) баспа қызметін жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының әкімшілік ғимараттарында қоғамдық тамақтандыру пункттерін (асханалар мен буфеттер) ұйымдастыру.

10. Ұйымның сипаттамасы:

Дирекция жалпы ауданы 394 029,3 шаршы метр, 38,37 Га іргелес аумағымен болатын 10 ғимаратқа қызмет көрсетеді, олар: Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» Резиденциясы, Үкімет Үйі, Министрліктер Үйі (еліміздегі ең үлкен кеңселік ғимарат), Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссияның әкімшілік ғимараты.

Республика даңғылы 62 мекенжайында Баспа-полиграфия орталығы орналасқан, онда Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы мен қаулылары және басқа да Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің тапсырысы бойынша басылымдар шығарылады.

Кәсіпорынның штаттық саны 1714 адамды құрайды, олардың 61%-ның жоғары және орта арнаулы білімі бар.



Мемлекеттік сатып алудағы ұйымның толық атауы: «Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК

Тізімге оралу