Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы



Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

         «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2011 жылғы 1 наурыздағы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына бекітіліп берілген республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазқұрылысжүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                                                       А. Мамин