«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы


Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы


«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.     Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітіп берілген республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен «Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілсін.

2.     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің
Іс Басқармасымен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3.     Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                           А. Мамин