Жаңалықтар ПІБ

2014 жылғы 28 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ұйымдастыруымен «Ас қорыту органдары обырының алдын алу және ерте анықталуындағы қазіргі заманғы проблемалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті деп ҚР ПІБ баспасөз қызметі хабарлайды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Электрондық Парламенті жүйесін қолданысқа енгізу жоспарлануда, оның шеңберінде тұрғындар депутаттармен онлайн режимінде тілдесе алады деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі.

2014 жылғы 16 қарашадан 17 қарашаға қараған түні «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жедел тобы аумақты патрульдеу барысында «Бұланды» филиалының Қарақоға орманшылығында заңсыз аң аулау фактісін анықтаған деп хабарлайды ҚР Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі.

2014 жылғы 08 қарашада «Бурабай» МҰТП-інің кезекші инспекторлары МҰТП аумағына күнделікті рейд жүргізу барысында Ақылбай орманшылығының ауданында заңсыз аң аулау фактісін анықтаған деп хабарлайды ҚР Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі.
ҚР Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі кезекші инспекторлар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына күнделікті рейд жүргізу барысында қарағай ағашын заңсыз кесу фактісін анықтағандығын хабарлайды.
10 қазан күні Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының белсенділерімен бірге Первомайка психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барып келді.

2014 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен және «Электр энергетикасы және энергия үнемдеу институты» АҚ-пен бірлесіп энергия аудитін жүргізу және мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру бөлігінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама жөнінде семинар өткізді.

Ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте Іс Басқармасында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен белсенді демалысты насихаттау шаралары аясында ҚР Президентінің Іс Басқармасы «Алатау» спорт сарайында шағын футболдан турнир өткізді. Жарысқа орталық аппарат қызметкерлері мен ведомствоға қарасты ұйымдар қатысты, деп хабарлады ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы «Ақорда» Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясы мен «Үкімет үйі» әкімшілік ғимаратының суреттері бар 9 тауар белгісін және ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің суреттері бар 6 тауар белгісін тіркеді, деп хабарлайды ҚР Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін ҚР Президенті Іс Басқармасының басқарушысы Абай Бисембаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кезекті отырысы болып өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының және заңға тәуелді актілердің нормаларын түсіндіру жөнінде семинар өткізді.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындалу аясында Түрік Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығымен, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетімен бірлесіп Астана қаласының қонақ үй саласындағы қызметкерлері үшін тренингтер өткізді.

Астана қаласының 16 жылдығы қарсаңында «Нұр Отан» партиясының филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты «Астана – спорт ордасы» атты спорт турнирін ұйымдастырды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК ISO 50001:2011 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес энергетикалық менеджмент жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары Д. Іңкәрбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Прези...

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында Мемлекеттік қызметші күніне арналған мерекелік жиын өтті. Іс-шара аясында мемлекеттік қызм...

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бурабайда республикалық ...
Құрметті әріптестер! Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Дә...

2014 жылғы 21 ақпан сағат 20:06-да «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының орталық диспетчерлік орнына 1-корпуста орналасқан қосалқы орын-жайда өрт шыққаны т...
Жаңалықтар 81 - 100 из 184
Түп | Алғашқы. | 3 4 5 6 7 | Келесі. | Адақ