Маржан Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.

Маржан Әкімжанова мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс саласында үлкен кәсіби тәжірибесі бар. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінде 24 жыл жұмыс атқарды.

1997 – 2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің аға маманы, референт, аға референт, сарапшы, аға сарапшы, бас сарапшы, консультант, сектор меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істеді;

2012 – 2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болды;

2021 жылғы 4 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2022 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: