Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы болып тағайындалды

2022-01-12 Мемлекет Басшысының өкімімен Дәдебаев Айбек Арқабайұлы 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы болып тағайындалды.



Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 
2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.
2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы болып еңбек еткен.
2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.
Одан кейін алты жыл Парламент Сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.
2019-2021 жылдар аралығында Президент Кеңсесі бастығының орынбасары болды.
2021 жылғы 28 мамырдан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Президент Іс Басқарушысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.


Тізімге оралу