Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Алматыда тарихи ескерткіштің қасбетін қайта жөндеу басталды

2021-12-20 Алматы қаласы Назарбаев даңғылындағы тарихи ғимараттың қаптамасы мен жарықтандыруы жаңартылуда.



Бұл құрылыс В.И. Ленин музейі кешені ретінде кеңестік жылдары әзірленген болатын. 1986 жылы объектінің құрылыс жұмысы тоқтатылды, объектінің дайындығы сол кезде 90% құраған.
Жеті жылдан кейін 1993 жылы құрылыс жаңартылды, бірақ ғимараттың жобасы өзгертіліп, Қазақстан Президентінің резиденциясы ретінде салу жалғастырылды. Құрылыстың аяқталған күні 1995 жыл деп белгіленген.
Жобаның авторлары: Қалдыбай Монтахаев, Сұлтан Баймағамбетов, Құмарбек Нұрманбетов, О. Цай.  құрылысшы - Талғат Алпысбаев
 Астанаға көшкеннен кейін ғимарат резиденция мәртебесін сақтап қалды, 2000 жылы резиденция кешені Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіліміне енгізілген болатын. Ғимарат мемлекеттік күзетілетін объектіге жатады. 
Қасбетті қайта жөндеу объектінің сыртқы көрінісін өзгертпейді: жұмыстар қатаң түрде тарихи нұсқадағы параметрлерге сәйкес жүргізілетін болады. 

Тізімге оралу