Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Президенттің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтайды

2021-12-14 Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы еліміздің  барша азаматын ең басты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
Әрбір қазақстандыққа зор денсаулық, береке-бірлік пен толағай табыс тілейміз!

***
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Іс Басқармасында салтанатты іс-шара өтті. Дәстүр бойынша бұл күні жұмыс қорытындысы жасалып, мемлекеттік наградалар табысталады, құттықтау сөздері айтылып, алғыс білдіріледі.



Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы Ерлан Баттақов Тәуелсіздіктің мерейтойы қарсаңында Іс Басқармасы кәсіпорындарының жетістіктерін де атап өтті. 
 «Осы жылдар ішінде Іс Басқармасы экономиканың түрлі салаларында жүздеген жобалар жасады.
Біздің ұйымымыз Қазақстанның жаңа астанасының қарқынды дамуына елеулі үлес қосты. Іс Басқармасы бүгінде еліміздің бас қаласының символына айналған жобаларды жүзеге асырды, сол арқылы Нұр-Сұлтанды таниды, оны күн сайын мыңдаған адам қолданады. 
Бәйтерек, Ақорда, Бейбітшілік және Келісім сарайы, Министрліктер үйі, Үкімет үйі, Ұлттық кітапхана ғимараты мен Орталық стадион, ... . Аталған жобалар сол жағалаудың дамуына із салды, олардың соңынан жеке инвестициялар келе бастады, жаңа тұрғындар орнығып, жаңа қала бой көтерді.
Бүгінгі таңда біз Щучье-Бурабай курорттық аймағында тарту нүктесін құрып жатырмыз. Курортқа инфрақұрылым жүргізгеннің арқасында ол жаққа  жеке инвесторлар тартыла бастады. «Ақбура» жобасы осыдан үш жыл бұрын тек қағаз бетінде болса, осы жазда мыңдаған туристің келуіне жол ашты.»
  Іс Басқарушы ПІБ Медициналық орталығы ұйымдарының да жетістіктеріне тоқталды. Олар бірегей технологияларды енгізу, кадрларды кәсіби дамыту, ғылыми зерттеулер жүргізу орталығына айналды. Бұл жұмыстардың нәтижесі Қазақстанның барлық азаматының игілігі үшін қызмет етіп жатыр.  

Ерлан Баттақов ұжымды мерекемен құттықтап, барлығына шығармашылық табыс пен зор денсаулық тіледі. 
 


Іс Басқармасының ұжымына іс-шараға шақырылған қонақ – Парламент Мәжілісінің депутаты Әмірхан Рахымжанов та өзінің ізгі тілегін білдіріп, мерекемен құттықтады.



Ол өзінің құттықтау сөзінде тәуелсіздіктің әр мемлекет үшін маңыздылығын, яғни өз шекараларының белгіленуі, мемлекеттік рәміздері мен даму стратегияларының болуын тілге тиек етті. Қазақстанның қайта құрудан бастап қарқынды экономикалық өсуіне дейінгі тәжірибесін ол Тәуелсіздіктің ең маңызды жетістігі дейді.  
Іс-шара мемлекеттік наградаларды табыстау салтанатымен аяқталды.



Тізімге оралу