Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Тұңғыш Президент күніне арналған байқаудың жеңімпаздары анықталды

2021-12-01 ҚР Президентінің Іс Басқармасында «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз және ол бәрінен қымбат!» тақырыбындағы байқаудың қорытындысы өтті. Байқаудың ережесіне сәйкес «Эссе жазу», «Өлеңді мәнерлеп оқу», «Дәстүрлі өнер көрсету» деп аталатын бөлімдер бойынша кәсіпорындардың қызметкерлерінен 81 жұмыс келіп түсті.



Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың 41 жазба және  40 бейнежазба жұмыстарын қарап шықты. «Жақсы еңбектер көп болғандықтан, ең үздігін таңдау қиынға соқты.» - дейді қазылар алқасының төрағасы, ҚР ПІБ аппарат басшысы Сәкен Әбжанов.



Нәтижесінде 12 жүлдегер (әр бөлім бойынша бір бірінші орын, екі екінші орын және бір үшінші орындар) анықталып, 3 номинация ("Үздік күйші", "Үздік әнші", "Үздік термеші") тағайындалды.



  Ең әсерлі сәт жеңімпаздардың жанды дауыста өнер көрсетуі болды, көрермендер әріптестерінің бойындағы дарынын паш етіп, сахнада көрсеткен өнерлерін қошеметтеп отырды және де таңданыстарын да жасырмады. Мерекелік шараны аяқтаған Зұлхарнай Асқар мен Есіркеп Бөрібектің орындауындағы Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әні залдағы көрерменнің рухын көтеріп жіберді, көпшілік қол соға орнынан тұрып, әнді бірге шырқады.  
 


Тізімге оралу