Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

«Бурабай» ауылында туристерді тартатын жаңа орын пайда болды

2021-11-01 Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының күрделі құрылыс бөлімі Ақмола облысы Бурабай ауылындағы Променад жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру құрылысын аяқтады. 



Променад – бұл көлге апаратын серуен аймағы. Ол келушілер үшін жыл бойы, тәуліктің кез келген уақытында ашық болады. Курортты ауылдың тұрғындары мен қонақтары орындықтардың және ойын алаңдарының қолайлылығын, кеспе тастардың әдемі төселгенін, сондай-ақ Променадтың ерекше сәулет нысанын бағалап та үлгерді. Бұл жер күндіз және кешке фотосессия жасауға өте ыңғайлы орын.



Құрылыс аяқталған сәттен бастап серуен аймағының сақталуы мен күтіп-ұсталуын ҚР ПІБ-нің ведомстволық қарасты ұйымы «Бурабай даму» ЖШС қамтамасыз ететін болады. Келешекте объектіні Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігіне тапсырады. 



Фотолар: ДК ПРОЕКТ бейнесінен

Тізімге оралу