Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Бастылары рет-ретімен: Әкімшілік ғимараттары дирекциясына 24 жыл толды

2021-10-08 Әрбір үй иесі үйді күтіп-ұстаудың оңай емес екенін біледі. Үйдің жинақылығын, жылуын, жарығын қамтамасыз ету. Энергия шығынын оңтайландыруды ойластыру. Сонымен бірге сол үйде өмір сүретіндердің тамағын ұйымдастыру, үйді тазалау, уақтылы жөндеу, яғни сапа мен қолайлылықты үйлестіру қажет. 



Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК – астанадағы ең ірі әкімшілік ғимараттар: «Ақорда» Президент резиденциясын, «Үкімет үйі» ғимаратын, «Министрліктер үйі» кешенін, Тұңғыш Президент Музейі ғимаратын, Қаржы министрлігі ғимаратын, Бейбітшілік көшесі, 4  мекенжайындағы әкімшілік ғимаратты (онда Орталық Сайлау комиссиясы орналасқан) күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін сондай үй иесі.  



Дирекция 24 жыл бұрын 1997 жылы 8 қазанда құрылған. Оған дейін әрбір мемлекеттік орган өздері орналасқан ғимараттың материалдық-техникалық және күтіп-ұстау шаруаларымен өз бетінше айналысқан. Бірыңғай сервистік ұйым құру әкімшілік ғимараттарды күтіп-ұстау шығындарын едәуір қысқартуға, барлығын бір сапа стандартымен жасауға, қызметті жедел көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.    



Кәсіпорын 20 жылдан астам энергия үнемдеу бағытын белсенді дамытып келеді, өз қызметінің барлық учаскелерінде жаңа технологиялық шешімдер енгізуде. 
«Әкімшілік ғимараттары дирекциясының басты міндеті – бұл мемлекеттік қызметшілердің жұмыс күндері ғимаратқа кіруінен бастап жұмыс кабинеттеріне жеткенге дейінгі күнделікті, яғни сыртта гүлзарлар өсіру, орынжайларды таза жинау, үздіксіз жарық, жылу беру, желдету, асханда сапалы тамақтандыру, баспадан қойындәптер, күтізбе, жоспарлауыштар мен тағы басқаларын шығару секілді мәселелерді шешу»,  дейді кәсіпорын директоры Ерғазы Инербаев. 



Бүгінде Дирекция қызмет көрсететін орынжайлар мен оған іргелес жатқан аумақтың алаңы 394 116 кв.м. (38 га) құрайды.
Кәсіпорынның командасында 1500-ден астам адам, 50 қызмет бірнеше ауысыммен жұмыс істейді. 
Дирекция өзін сенімді жұмыс беруші ретінде танытып отыр, әрқашан өз қызметкерлеріне толық жағдай жасауға, оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдауға талпынады, мысалы тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, арнайы киім беру, көлік тасымалын ұйымдастыру, жеңіл бейімделу үшін тәлімгерлер институтының жұмыс істеуі, жұмысқа орналастыру шеңберінде ЖОО-мен және колледждермен ынтымақтастық орнату, спорт алаңдарын жалдау және т.б.



ӘҒД-нің (қызметкерлер кәсіпорынды өзара осылай атайды) күші неде деген сұраққа  Әкімшілік ғимараттары дирекциясының әрбір жұмыскері «Біз жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасаймыз!» деп жауап береді.


Тізімге оралу