Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Рүстам Албаев ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығының «Орталық клиникалық аурухана» АҚ президенті болып тағайындалды

2021-08-23 2021 жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығы басшысының бұйрығымен Албаев Рустам Қуанышбекұлы «Орталық клиникалық аурухана» АҚ президенті болып тағайындалды.



Рүстам Албаев - Ақмола облысының тумасы. Мәскеудің А. Н. Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары институтын, сондай-ақ, Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын тәмамдаған, Астана қаласы (2001ж.). Медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Ақмола облыстық балалар ауруханасында хирург болып бастады.
Осы жылдар ішінде ол Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық теміржол ауруханасында, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы мен ҚР ПІБ Медициналық орталығында еңбек етті.
2017-2020 жылдар аралығында Рүстам Албаев Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы №2 көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған.


Тізімге оралу