Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

«Ақорда» резиденциясында шатырдың жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

2021-08-23 Осы жазда «Ақорда» резиденциясы ғимаратының шатыры жоспарлы жөндеуден өтіп жатыр. Жұмыстар мамыр айынды басталып, қыркүйекте аяқталады.



Жаз бойы тарихи ғимараттың эстетикалық келбетін бұзбау үшін нысанның сыртына құрылыс сатылары орнатылмай, оның орнына неғұрлым жұмсақ технология таңдалды.
Жұмысшылар мен қажетті материалдарды шатырға кедергісіз көтеру үшін, жағалау жағындағы қабырғаның декоративті ернеуі алынып, құрылыс платформасы орнатылды.



Жөндеу жұмыстары аяқталған соң декоративті элемент өз орнына қайта бекітіледі. Қазір ернеу сақтау қоймасында тұр.
«Ақорда» резиденциясы 17 жыл бұрын салынған. Оның ресми ашылуы 2004 жылдың 24 желтоқсанында өтті. Биыл алғаш рет бірегей ғимараттың шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.



Президент резиденциясына, сондай-ақ, Үкімет үйі, Министрліктер үйі, Қаржы министрлігінің ғимарты тәрізді ең ірі әкімшілік кешендеріне техникалық қызметтерді ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді.


Қазақстан Республикасы Президенті
Іс Басқармасының баспасөз қызметі

Тізімге оралу