Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

ҚР Президенті Телерадиокешенінің қызметкерлері Қазақстанның бес облысында флешмоб ұйымдастырды

2021-07-04 Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені қызметкерлерінің домбыралары Қазақстанның бес облысында бірден шырқалды.



Ұлттық домбыра күніне арналған флешмоб Түркістан, Бурабай, Қарқаралы, Семей және Нұр-Сұлтан қалаларында түсірілді. ТРК арнайы формасын киген дарынды әріптестер Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Осылайша олар қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, баршамызға ортақ құндылық – домбыраны ұлықтауға өз үлестерін қосты.

Тізімге оралу