Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтайды

2021-06-23 Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Ко Дню государственного служащего.jpg


ҚР ПІБ аппарат басшысының міндетін атқарушы Данияр Ахметжанов өзінің құттықтау сөзінде ұжымға зор денсаулық, кәсіби өсу мен жетістік және игілік тіледі.

Мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосып, жұмысын мінсіз атқарғаны үшін орталық аппараттың екі қызметкері – ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару бөлімінің бас инспекторы Бақыт Әбдіқалықова мен бас консультант Айгүл Чинчалинова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің «Үздік мемлекеттік қызметші» («Отличник государственной службы») төсбелгісімен марапатталды. Олар бар өмірін мемлекетке қызмет етуге арнап келеді және 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. 

Ко Дню государственного служащего2.jpg


Осы атаулы күні ҚР ПІБ-нің жаңа қызметкерлері мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады, олар: Аят Еспаев, Диас Әлімбай, Алина Дәуренбек және Карина Естай.

Тізімге оралу