Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Almaty Resort» санаторийіне 54 жыл толды

2021-06-15

1967 жылғы 15 маусым «Almaty Resort» санаторийінің ресми туған күні болып саналады.

Almaty resort.jpg

Оның құрылысы ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары жүргізіле бастады. Ол кезде елде емдеу мекемелерінің жетіспеушілігі қатты сезілетін, содан Алма-Ата қаласының қала сыртынан аурухана салу туралы шешім қабылданады. Жоба аяқталуға жақын қалғанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Президиумының 1967 жылғы 24 мамырдағы №1 Қаулысымен, Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Төртінші Бас басқарма бастығының 1967 жылғы 9 маусымдағы №77 бұйрығымен қала сыртындағы аурухана Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Төртінші Бас басқарманың «Алма-Ата» клиникалық санаторийі деп қайта аталды.

Сөйтіп 15 маусымда пациенттерге жаңа санаторийдің есігі ашылады.

90-жылдары бірегей объектіні тарихи күйінде сақтап қалу мүмкін болды және осы уақыт аралығында ол теңіз деңгейінен 1052 биіктіктегі Іле Алатау баурайындағы қонақтарды бұрынғысынша қарсы алып тұр. Санаторийдің алғашқы ұжымы ұқыппен отырғызған ағаштар бүгінде саялы саябаққа айналған.

Бұл жер өзінің табиғи бірегейлігімен ерекшеленеді, яғни оттегінің атмосфералық және парциалдық қысымы теңіз деңгейінен төмен. Таза ауа, ультракүлгін сәулелер, хош иісті заттектер мен қоршаған ортадағы өсімдіктерден табылатын фитонцидтер пациенттерді емдеу кезінде климаттық факторларды қолдануға мүмкіндік береді.

«Almaty Resort» оңалту медицинасының жарты ғасырлық дәстүрін құнттап ұстап келе жатқан қазіргі заманғы көпфункционалды санаторийлік-курорттық кешен болып табылады. 

Тізімге оралу