Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтайды

2021-06-04

Министрліктер үйінің ғимаратындағы бүгінгі жұмыс күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Гимнді бірге орындаудан басталды. Іс Басқармасы қызмет көрсетілетін ғимараттардағы барлық қызметкерлерді хабарлау жүйесі арқылы салтанатты құттықтау ұйымдастырды.

ҚР ПІБ қызметкерлері Гимнді орындау үшін өз кабинеттерінен шығып, дәлізде орналасқан Мемлекеттік ту мен елтаңбасының алдында сапқа тұрды. Мұндай флешмоб мемлекет рәміздерін тану және терең құрмет белгісі ретінде жыл сайын өтеді. 2020 жылы іс-шара пандемияға байланысты шектеу шараларын ескере отырып өткізілді.


Тізімге оралу