Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметкерлері еліміздің Негізгі заңына 25 жыл толуына орай наградталды

2020-08-29

Наградтау рәсімі бүгінгі таңда талап етілетін санитариялық нормалардың барлығын сақтай отырып өтті.

Мерейтойлық медальдарды, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын Іс Басқармасының аппарат басшысы Сәкен Әбжанов табыстады.

Ол өзінің құттықтау сөзінде осыдан 25 жыл бұрын Конституцияның жобасын талқылауға Қазақстанның үш миллионнан астам азаматы қатысқанын және 33 мыңнан астам ұжымдық талқылаудан өткенін атап өтті. Жұмыс барысында 30 мыңның шамасында ұсыныстар мен ескертулер енгізілді. Нәтижесінде ширек ғасыр жұмыс істеп, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне жұмыс істеп келе жатқан құжат пайда болды.

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалін «Конституцияның үстемдік етуін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негізін қалыптастыру мен дамытуға, адам мен азаматтың конституциялық құқығы мен еркіндігін қорғауға едәуір үлес қосқан азаматтарды марапаттау және Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын мерекелеу мақсатында» Мемлекет басшысы жариялаған.

Іс Басқармасының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен Іс Басқармасының дамуына қосқан үлесі, мемлекетке қызмет ету ісінде аянбай еңбек еткені үшін қызметкерлер марапатталды.


Тізімге оралу