Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

ҚР ПІБ кәсіпорындарының арасында өткен үздік таныстыру кітабы байқауының қорытындысы

2020-08-26

Таныстыру кітабы – жаңа қызметкерді жұмыс орнында қарсы алатын бірінші құрал. Оның ішінде адамның жаңа ортаға барынша тез бейімделуіне арналған қажетті, яғни коммуникация координаттары, тәлімгер туралы деректер, ұжымның дәстүрі мен басқа да көптеген ақпарат бар.

Биыл Іс Басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі ведомстволық қарасты ұйымдарының арасында алғаш рет Үздік таныстыру кітабына байқау жариялады. Бұл тәлімгерлік институтын дамыту қадамдарының бірі.

Мұндай байқаулар қызметкерлердің корпоративтік рухын нығайтады және шығармашылық қабілеттерін ашады.

Іс Басқармасының 17 ведомстволық қарасты ұйымы өз жобаларын ұсынды. Олардың кейбірі өзін Таныстыру кітабын атмосфералық етіп жасаған, ал енді бірі тартымды мәтіндерімен ерекшеленсе, кейбірі сақтанымпаздықты ұстанған.

Қазылар алқасына жеңімпазды анықтау қиынға соқты.

Бірінші орынды Минкеңес – ҚР ПІБ Орталық клиникалық ауруханасы иеленді.

Екінші орынды МТҚБ-ның Инженерлік-техникалық орталығы, ПІБ Автошаруашылығы және ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы өзара бөлісті.

Үшінші орынды да «Қарлығаш» балабақшасы, «Оқжетпес» ЕСК» АҚ мен МТҚБ Әкімшілік ғимараттары дирекциясы өзара бөліске салды.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.


Тізімге оралу