Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұйымдары 17 тамыздан бастап өз жұмыстарын қайта бастады

2020-08-17 Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ұйымдары өз жұмыстарын қайта жандандыра бастады. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Аурханасы штаттық режімде жұмыс істейді. Хирургия мен терапия бөлімшелерінде жоспарлы және ақылы емдеуге жатқызу орындары ашылды, диагностикалық блок, Аллергология орталығы өз жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, клиниканың дәрігерлері пациенттерге онлайн-консультация жүргізуді жалғастыруда. Аурухананың жанында Колл-орталық жұмыс істейді, 8 (7172) 70-80-90 телефон нөміріне қоңырау соғып дәрігердің қабылдауына жазылуға және барлық қажетті сұрақтар бойынша консультация алуға болады. Алматы қаласындағы Орталық клиникалық аурухана да өзінің әдеттегі жұмыс кестесіне оралды. Стационарда терапия, кардиология, гастроэнтерология, неврология, гинекология, уронефрология, кардиохирургия, нейрохирургия, абдоминальды хирургия, ЛОР хирургия, офтальмология бейіндері бойынша емдеуге жатқызуға пациенттер қабылдайды. Белгіленген тексерудің стандартты тізбесіне қосымша стационарға емдеуге жатқызылатын пациенттер өзімен бірге Covid-19-ға тапсырылған 7 күннен аспаған ПТР нәтижесін алып келулері керек. Амбулаториялық пациенттерге стационар базасында КТ и МРТ, рентген, физиотерапевтік ем-шаралар, УЗИ, функционалды диагностика секілді диагностикалық қызметтер қолжетімді. Емхана санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, пациенттерді қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша қабылдайды. Сонымен бірге, пациенттерге дәрігерлердің онлайн-консультациясы да қолжетімді, яғни пациент үйінен шықпай-ақ тәжірибелі, біліктілігі жоғары мамандардан медициналық консультация ала алады. Сонымен қатар, емханада Covid-19-ға анализ алу жүргізіліп жатыр. Емхананың Ақылы медициналық қызметтер көрсету бөлімшесі базасында диагностикалық қызметтер: УЗИ, ЭхоКГ, ЭКГ, рентген алуға болады және қан анализін тапсыру кабинеті жұмыс істейді. Барлық қажетті сұрақтар бойынша колл-орталығына қоңырау соғуға болады, телефон нөмірлері: 8(727) 261-04-50 немесе тіркеу орны 8(727) 261-97-71, 261-27-56, 261-28-69. ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшаларында 10-15 баладан аспайтын топтарды кезең кезеңімен ашу жандануда. Балаларды қабылдау бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізіледі, оның ішінде термометрия, балалардың терілерін, жұтқыншақтарын, мұрындарын тексеру бар, педиатр дәрігер мен аға медициналық мейірбике чек-парақ толтырады. Медициналық орталықтың «Оқжетпес» ЕСК» мен «Алматы Резорт» санаторийлері «COVID – 19-дан кейінгі оңалту» бағдарламаларын әзірледі. Пациенттерді оңалту 13 оңалту және 10 жалпы сауықтыру бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Емдік ем-шараларға дене шынықтыру, бассейн, сауна, диетатерапия, қымызбен емдеу, пантомен емдеу, сумен емдеу, аппараттық физиотерапия, массаж, ішек тазалау, балшықпен емдеу және басқа кіреді. Физиотерапевтік әдіспен емдеуден және оңалтудан бөлек санаторийде терапия, электротерапия, магнитотерапия, лазеротерапия, электрофорез, емдік массаж, галотерапия, жүзу, климаттық емдеу, сумен емдеу терапиясы секілді ем-шаралар қолданылады. Емдеу-сауықтыру кешені аумағында өнімді және қолайлы емделу үшін алдын ала барлық қауіпсіздік шаралары қабылданған. Барлық қонақтар санаторийге зертханалық тексерудің теріс нәтижелерімен ПТР анықтамалары бар болған жағдайда ғана жіберіледі.

Тізімге оралу