Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ұйымдарының командалары арасында боулингтен турнир өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ұйымдарының командалары арасында боулингтен турнир өтті 2019-10-29

  Үздіктер атағын иелену үшін 13 команда өзара сайысқа түсті. Ұзақ та тартысты жарыста Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына қарасты Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ойыншылары үздік атанды. Екінші орынды Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы жеңіп алса, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы үшінші орынға тұрақтады.

  Жеке есепте әйел ойыншылар арасынан Құралай Төретаева (МТҚБ Автошаруашылығы), ерлер арасынан Асхат Жанұзақов (МТҚБ) ең үздік ойыншы номинацияларына ие болды.

  Жеңімпаздарға спорт кубоктары, дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

  Боулинг турнирі Іс Басқармасы ұйымдарының жылсайынғы спартакиадасы шеңберінде өткізілді.

4.JPG


Тізімге оралу