ҚР ПІБ волейболдан турнир өткізді

2016-06-18
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдарының командалары арасында волейболдан турнир өтті, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі. 

UEK_4264.jpg

Турнирге 14 команда қатысты.

UEK_4982.jpg

UEK_5411.jpg

Жалпыкомандалық есеп бойынша «Сары-Арқа» корпоративтік қорының командасы бірінші орынға, «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК командасы екінші орынға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының командасы үшінші орынға иеленді. 

UEK_5990.jpg

Сонымен қатар, турнирдің қорытындысы бойынша жақсы ойын көрсеткені және сайыста танытқан ерекше қасиеттері үшін үш ойыншы «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік доп көтеруші» номинациялары бойынша марапатталды.

UEK_6041.jpg

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спартакиадасы аясында өткенін атап өтеміз.



Тізімге оралу