Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы А. Бисембаевтың Наурыз мейрамына арналған құттықтау сөзі

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы А. Бисембаевтың Наурыз мейрамына арналған құттықтау сөзі 2014-03-20

 

Құрметті әріптестер!

 

 Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Дәл осы қасиетті күні біздің ата-бабамыз өздерінің қол жеткізген жетістіктерін саралап, алдағы жоспарларын анықтаған. Ұлыстың Ұлы күні баршамыз келген жылдан жағымды жаңалықтар мен жақсылықтар күтеміз, мақсат-мұраттарымызға жетуді тілейміз. Биылғы жылдан да күтер жақсылықтарымыз мол.

Жыл басында жарияланған Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Қазақ елінің» даму жолдары айқындалды.

Ата-бабаларымыздың асыл арманы – әлем елдерімен бір қатарда тұратын тәуелсіз мемлекет атану еді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында бұл арман ақиқатқа айналып, Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды. Ендігі жерде байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігіміздің тұғырын берік ұстап, әлемдегі ең дамыған 30 ел қатарына қосылу үшін аянбай еңбек ету қажет.

Осындай ұлы мақсатқа қол жеткізуде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының жүйесінде жұмыс істейтін барлық қызметкерлер де үлкен үлес қосуда.

Құрметті әріптестер, Наурыз барлық отбасына қуаныш пен бақыт сыйласын. Әрбір күніміз табысты, әрбір ісіміз абыройлы болсын! Елімізде тыныштық, береке-бірлік болсын!

 

 

А. Бисембаев,

Қазақстан Республикасы

Президентінің Іс Басқарушысы

 


Тізімге оралу