Мереке қарсаңындағы салтанатты жиын

Конституция күні қарсаңында ҚР Президентінің Іс Басқармасында салтанатты жиын өтті. Жиналыста сөз алған Іс Басқармасы аппаратының басшысы Мұрат Дәрібаев қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтады.

– Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл ең қастерлі мерекелердің бірі. Ата заңымыздың бекем болуына осы отырған әрқайсымыз мүдделіміз. Өз тарапымыздан заңды сыйлауға, оны іске асыруға, әділетті қоғам құруға үлес қосуымыз қажет, – деді М.Дәрібаев.

Салтанатты жиын барысында әкімшілік мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған маман Дәулет Омаров міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант берді.

Сондай-ақ Іс Басқармасының күрделі құрылыс бөлімі бастығының орынбасары Светлана Слепцева «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталды.

Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: