«ОҚЖЕТПЕС» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН» ШИПАЖАЙЫ

kazakhstan-kmv.ru

«ҚАЗАҚСТАН» ШИПАЖАЙЫ ТУРАЛЫ

Ресей Федерациясы Ессентуки қаласында орналасқан «Қазақстан» шипажайы сіздерге тиімді емдік және өз денсаулығын күтетін әрбір жанға қолжетімді ұмытылмас демалыс ұсынады. Шипажай Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының жүйесіне кіреді.

Бұл жерде өзінің денсаулығын жақсартуға шешім қабылдаған жандар үшін барлық қолайлы жағдай жасалған, яғни еуропалық деңгейдегі және шығыстық қонақжайлылық қызмет көрсету үйлестірілген. Ең заманауи диагностикалық пен емдік технологиялар қолданылады және біліктілігі жоғары персонал қызмет көрсетеді және өте қолайлы нөмірлер мен сапалы қызметтер ұсынылады. Демек, осында демалған сәтіңіз есте қаларлық ерекше әсер беретіні сөзсіз!

Шипажай ауасы таза, микроклиматы ерекше жайлы, қаланың сыртында әдемі жерде орналасқан.

«Қазақстан» шипажайындағы демалыс және сауықтыру — бұл тұрудың, қызмет көрсетудің және КМС курорттарындағы заманауи медициналық әдістердің жоғарғы деңгейдегі үйлесімі.

Шипажай Ресейдің Кавказ Минералды Сулары тобына кіретін аса ірі және ең танымал балнеологиялық және балшықты курорты —  Ессентуки қаласының  орталығында орналасқан.

Курорттың емдеу факторларының ішінде әлемге танымал хлоридті-гидрокарбонатты натрийлі ішуга арналған суларының жетекші маңызы бар. Бұл «Ессентуки-4», «Ессентуки-17» және «Ессентуки-Новая» суы.

Тамбукан көлінің сульфидті-тұнбалы балшығының емдік факторының да мәні кем түспейді.  Бұл көлдің балшығы жоғары минералданған, аса сульфидті болып табылады. Өзінің құрамы бойынша ол Өлі теңіз балшығына жақын, бірақ одан органикалық заттар  құрамы бойынша артық.

Аумағы: 

«Қазақстан» шипажайы 7,7 га аумақта орналасқан және бір мезетте 186 демалушыны қабылдай алады. Шипажайдың бес қабатты жатын корпусы сауықтыру-диагностикалық кешенмен жылы өту орындары арқылы қосылған.  Емдеу және жатын корпустарды фонтаны бар саябақ, жаппалар мен терренкур жолдары қоршаған.

Шипажайдың номерлері мен холлдарының үйлесімді интерьерлері, абатталған аумақ, курорттық қаладағы тыныштықта емделуге және демалыс үшін қажет жағдайларды жасайды.

Қонақтарға қызмет көрсетуге қолайлы демалыс үшін жабдықталған барлық қажет заттармен жасақталған түрлі санаттағы  111 жайлы номерлер ұсынылады.