Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені

okzhetpes-burabay.kz

Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдың жүрегінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені 55 жылдан астам уақыттан бері халыққа қызмет етіп келеді.

«Оқжетпес» ЕСК-нің негізгі міндеті -  біздің берекелі өлкемізді, тарихи табиғи жерімізді көріп, табиғи емдік факторлармен сауықтыру демалысын өткісі келетін Республиканың барлық азаматтары мен қонақтарын медициналық және емдеу-сауықтырумен қамтамасыз ету және қызмет көрсету.

"Оқжетпесте" халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджментінің жүйесі бар. 2014 жылы жыл сайын растайтын "4 жұлдызды қонақ үй" және "Жоғары сапалы мейрамхана" санатына сәйкестік сертификатын алды.

Қазіргі таңда «Оқжетпес» ЕСК» АҚ өз брендімен біздің еліміздің ең жақсы курорттарын біріктіреді. Біріктірілген желінің әртүрлі санаттағы 367 бөлмесі бар. Медициналық ғимараттар білікті кадрламен және жаңа медицина жабдықтарымен жабдықталған.

2017 жылдың 27 шілдесінен бастап, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының емдеу-сауықтыру кешендері "Оқжетпес" брендімен бірыңғай желіге бірігіп, құрамына Бурабай курорттық аймағындағы "Оқжетпес", Алматы қаласындағы "Almaty Resort" және РФ Ессентуки курорт-қаласындағы "Қазақстан" шипажайы кірді. Бүгінгі таңда желі президенті - Қайрат Беркінбаевтың басқаруымен белсенді жұмыс істеп келеді.

«Оқжетпес» шипажайының құрылу және даму тарихы

1960 жылғы 26 желтоқсанда СОКП ОК Қаулысымен Қазақ ССР құрамында республиканың жалпы алаңының 21% алатын Тың өлкесі құрылды. 1964 жылы Тың Өлкелік исполком қыметкерлеріне арналған Бурабай орман шаруашылығы аумағында жобалау, содан кейін Бурабай көлінің жағасында курорттық аймақтың көрікті аймағының бірінде демалыс үйінің құрылысы (пансионат) басталды. Соңынан 1966 жылы оның базасында ұйымдастырылған «Ашық алаң» климаттық шипажайының іргетасы дәл осы құрылыс болды. Ол кезде бұл атау болмаған еді. 1966 жылы демалыс үйінің аумағында қызметкерлерге арналған 4 пәтерлі ағаш үй салыны. 1980 жылдың басында жаңа жеті қабатты жайлы бөлмелерімен жатын ғимаратының құрылысы басталды. 1982 жылы жатын ғимараты пайдалануға берілгеннен кейін, санаторийге «Оқжетпес» атауы берілді.

2001 жылғы шілдеден бастап 2003 жылғы наурыз аралығында ЕСК-де қайта құру және барлық ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізілді. 

2006 жылы Андоррда Дүниежүзілік сумен және климатпен емдеу федерациясының Бас Ассамблеясымен санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастырудағы жетістіктері және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының арасында белсенді ғылыми жұмыстары үшін "Оқжетпес" ЕСК-не "Әлемдегі ең үздік курорт" марапаты табыс етілді.

2017 жылғы сәуірде «Оқжетпес» ЕСК» АҚ базасында жыл сайынғы «Шипажай» халықаралық-практикалық форумы өтті, оған ТМД және Еуропаның 10-нан аса елінің өкілдері қатысты. Форум аясындағы негізгі оқиға меншікті радонды ауыз су бұлағын ашу болды.

  Жыл бойы қызмет ететін шипажай бүгінде сауықтыру демалысын өтуге ниетті барша қонақтарды қарсы алуға дайын. Біз қашан да қонақтарымыздың денсаулығы үшін, қауіпсіздігі үшін, жайлы демалысы үшін қызмет етуге дайынбыз!