САНАТОРИЙ «ALMATY RESORT»

okzhetpes-almaty.kz

 «Almaty Resort» шипажайы - заманауи көп бейінді шипажай-курорттық кешен. Онда сіз жоғары сапалы медициналық қызметтерден бөлек, еуропалық стандарттар бойынша жасалған жайлы нөмірлерде тамаша демала аласыз.

Біздің медициналық және шипажай-курорттық қызметтеріміздің басты ерекшелігі: Біз әр қонақтың жеке талаптары мен медициналық көрсетілімдерін толық ескеріп,тиімді оңалту мен емдеу-сауықтыру бағдарламаларын ұсынамыз.

Біздің шипажай әлемдік стандарттарға сай ең заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Курорт Алматы қаласынан 3 км қашықтықта, Іле Алатауының етегінде, теңіз дейгейінен 1052 км биіктікте орналасқан. Серуендеуге арналған терренкурлары мен алуан түрлі ағаш өсетін тамаша орман алқабы бар аумақ тыныс алу жолдарын жақсартуға ықпал етеді. 3000 м тереңдікте өндірілетін меншік бұлағының минералды суының ерекшелігі табиғи йодтың 600-750 мкг/дм3 профилактикалық мөлшерінде. Осы деңгейде су 42*С температурада шығады және су арнайы қоймада сақталып, сауықтыруға арналған ванналарға 36*С температурада беріледі.

Сауықтыру демалысына қатысты, сонымен қатар емшаралар тізімі, тұру, бағалары мен ережелері туралы толық ақпаратты біздің ресми сайтымыздан және әлеуметтік желідегі парақшалардан алуға болады. Барлық келіп түскен сұрақтарға «Almaty Resort» шипажайдың жетекші мамандары жауап береді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ALMATY RESORT» ШИПАЖАЙЫНЫҢ ТАРИХЫ

Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген адамдар денсаулығын жақсарту, демалысын пайдалы әрі әсерлі өткізу мақсатында  «Almaty Resort» шипажайына сауықтыру демалысына келеді. Дәл осы шипажайды таңдаудың басты себептерінің бірі, «Almaty Resort» шипажайының алмалы қаланың көркем жерінде, тау баурайында орналасуы. Шипажайдың құрылу тарихы да қызықты. Алпысыншы жылдары Алматы қаласында, жалпы Қазақстанда емдеу мекемелері жетіспейтін. Осыған байланысты Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1962 жылғы 16 қазандағы №773 Қаулысының негізінде қала сыртынан аурухана жобалау және салу туралы шешім қабылданды. Қарғалы кооперативтік техникумының солтүстік-шығыс аумағында аудан көлемі үлкен жер телімі бөлінді. Шипажайды салу үшін теңіз деңгейінен 1052 метр биіктікте Іле Алатауының етегінен, экологиялық таза ауданнан тамаша жер таңдалды. 

Бұл жердің климаты континенттік, температурасы ерекше. Таза ауа, ультракүлгін сәуле, қоршаған өсімдіктердің құрамындағы хош иісті заттар мен фитонцидтер осы аймақтың климаттық факторларын демалушыларды кешенді емдеу кезінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Ең алдымен бас корпус, шаруашылық аула, медициналық қызметкерлерге арналған үш тұрғын үй, асхана және азық-түлік дүкені салынып, аурухана аумағында күздік-қысқы ағаш көшеттері отырғызылды. Құрылыс толығымен жеке жоба бойынша жүргізілді.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы М.Б. Бейсенбаев пен СССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.А. Косыгиннің кездесуі барысында Кисловодскіде, Ессентуки және Сочи қалаларынла типтік шипажайлар салу үшін жер учаскелерін бөлу туралы мәселе қарастырылып, бұл жоспар аурухана орнына шипажай ашу туралы шешімнің туындауына әсер етті.

Сөйтіп, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Президиумының 1967 жылғы 24 мамырдағы №18 қаулысымен Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің 1967 жылғы 9 маусымдағы №77-а бұйрығымен қала сыртындағы аурухана Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы «Алматы» клиникалық санаторийі» болып қайта аталды.

«Almaty Resort» шипажайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1340 Қаулысымен «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Алматы» клиникалық санаторийі» РМҚК болып қайта құрылды.

Шипажай әлеуетін тиімді пайдалану, оның қаржы-шаруашылық қызметін дамыту және менеджментті жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қарашадағы Қаулысымен «Алматы» клиникалық шипажайы» ҚР ПІБ МО «Алматы» шипажайы» ашық акционерлік қоғамы болып бекітілді.

2008 жылы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Almaty Resort» шипажайы күрделі жөндеуге жабылып, үш жылдан кейін 2010 жылғы 12 қазанда жаңартылған күйінде қайта ашылды.

Шипажай күрделі жөндеуден кейін бірінші кезекте еліміздің дамуына үлес қосқан ел мақтаныштарын: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлерін, Қазақстан ардагерлерін, батырларын, жазушыларын, академиктерін қабылдады. Алғашқы демалушылардың қатарынан бұрынғы Қазақ ССР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, соғыс ардагері Сұлтан Жиенбаевты, бұрынғы Социалистік еңбек Ері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының орынбасары Вера Сидорованы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, отставкадағы генерал Талғат Бегельдиновты сынды ел азаматтарын көруге болады.

Қазіргі таңда «Almaty Resort» шипажайы әлемдік стандарт бойынша ең заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған жайлы және жоғары сервистік қызмет көрсететін бірегей емдеу-сауықтыру кешені.

2012 жылы шипажайға 5 жұлдызды қонақ үй мәртебесі берілді.

2017 жылы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені желісіне кіріп, Алматы қаласындағы филиалына айналды.