ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

mcudprk.kz

Қызмет саласы:

Медициналық орталық күзетілетін тұлғаларды, мемлекеттік қызметшілерді, одақтық және республикалық маңызы бар дербес, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен жасына байланысты зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді, жоғары дәрежелі ерекше белгілермен марапатталған тұлғаларды және азаматтардың жекелеген санаттарын медициналық көмекпен, санаторийлік-курорттық қызметтермен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органның қызметтерін бақылау және іске асыру құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

Көрсетілетін қызметтер:

Медициналық орталықтың негізгі міндеті – тіркелген құрамды медициналық, санаторийлік-курорттық көмек қызметтерімен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулықты нығайту мен сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.

Медициналық орталықтың жүйесіне 9 ведомстволық қарасты ұйым кіреді: Алматы қ. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ , Астана қ. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК, «Оқжетпес» ЕСК» АҚ,  «Оқжетпес» ЕСК» АҚ-тың «Алматы» филиалы, Ресей Федерациясындағы «Қазақстан» санаторийі, Қырғыз Республикасындағы «Қазақстан» санаторийі, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК.

Ұйымдардың сипаттамасы:

Медициналық орталықтың ауруханалары – қазіргі заманғы үлгіде жабдықталған, медицинаның барлық дерлік салаларында медициналық қызметтердің көптеген түрін ұсына алатын медициналық мекемелер. Емделушілерді емдеу, оларға күтім жасау, қызмет көрсету бойынша жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлер біздің клиникалардың өзіндік белгісі болып табылады.

Медициналық орталықтың жүйесінде 5 мыңдай маман, оның ішінде 1000-нан астам дәрігер мен провизор, 1500 орта медициналық қызметкер, медицина ғылымдарының 21 докторы, 68 кандидаты жұмыс істейді. 80% дәрігер және 87% орта медициналық қызметкердің біліктілік санаттары бар. Жаңашыл жобаларға талпыну, медицина ғылымы мен техникасының алдыңғы қатарлы жетістіктерін пайдалану, күрделі клиникалық-диагностикалық міндеттерді шешу мүмкіндігі – Медициналық орталықтың мамандарына тән қасиет.

Медициналық орталықтың санаторийлік-курорттық ұйымдары қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандырылған, бірегей табиғи ресурстарға бай аумақтарда орналасқан (Бурабай, Алматы тау бөктері, Ыстықкөл) және емдеу-сауықтыру шараларының кең спектрімен танымал.

Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдары туралы толық ақпаратты біздің сайтымыздан табуға болады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

mcudprk.kz

1929 жылыҚаз ССР Халықтық комиссарлары Кеңесінің Қаулысымен республиканың астанасы Қызылордадан Алматы қаласына ауыстырылды. Үкіметтің жаңа астанаға көшуіне байланысты, кеңестік-партиялық активке медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қажеттігі жөнінде мәселе көтерілді. Емдеу комиссиясының амбулаториясын ұйымдастыру доктор Ф.И. Неймаркке жүктелді. Бұл оқиға біздің медициналық қызметті ұйымдастырудың бастамасы еді. 10 мөлшерлеме көлемінде амбулатория штаты бекітілді. Ол амбулатория Торговый көшесінде (қазіргі Жібек Жолы көшесі) орналасқан, 5 бөлмелі, бір қабатты үйде орналасқан болатын. Үйге шақырту ат көлігімен жүзеге асырылатын.

1932 жылыҚазССР Халықтық комиссарлары кеңесінің отырысында Кеңхалкомның Іс басқармасы құрамында Санитарлық басқарма құру мәселесі шешілді.

Амбулаторияның дәрігерлері алғаш рет республикалық форумдар мен кеңестерді қамтамасыз етуге тартылып, 1932 жылы (б) БОКП, Өлкеком Пленумының ашылуына орай, амбулатория делегаттарға қызмет көрсете бастады.

1933 жылысанитарлық корпус салынды да, ол Кеңхалком Санитарлық басқармасының амбулаториясымен біріккен аурухана болды. Аурухана Ұлы Отан соғысы жылдары барлық ел сияқты фронтқа да қызмет көрсетті. Жараланғандарды ауруханаға жатқызу қажет болған жағдайда, төсек-орындар қоры қарастырылып, ЖӘҚҚ штабы бойынша қызметкерлердің кезекшілігі ұйымдастырылған.

Одан кейінгі жылдары аурухана кеңейе түсті, жаңа емдеу мен диагностика жүргізу корпустары пайда болды, материалдық-техникалық базасы нығайып, тіркелген құрамға медициналық көмек көрсету іске асырыла бастады. 1964 жылғы ақпанда Қазақ ССР Министрлері кеңесінің Қаулысымен ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы 4-ші Бас басқарма құрылды, қазіргі Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы.

Қазіргі кезде Медициналық орталық – бұл тіркелген құрамды емдеуде және сауықтыруда емханадан бастап санаториймен аяқталатын барлық кезеңді қамтитын, мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын қорғау жөніндегі ведомстволық қызмет. Медициналық орталықтың негізгі міндеттері тіркелген құрамға медициналық, санаторлық-курорттық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамту, денсаулықтарын нығайту мен сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. 2008 жылы Министрліктер үйінің ғимаратында жаңа емхана ашылды, стационарында 20 төсек-орынға шақталған терапевтік бөлім кеңейтілді, операциялық блогімен 10 төсек-орындық хирургиялық бөлім және анестезиология мен жансақтау бөлімдері ашылды. Бүгінгі таңда Өкінішке орай, мемлекеттік қызметшілер жұмыстарының ерекшілігі олардың жиі науқастануына соқтырады. Осыған байланысты, оларды сауықтыру мен оңалту жүйесін дамытуда аса жоғары қажеттілік туындады. Республикада, сонымен қатар өзге де ТМД елдерінде бұрынғы оңалту мен сауықтыру жүйелері жойылған. Жалпы әлеуметтік саясат контексінде санаторлық-курорттық салаларды қарастыра отырып, Президенттің Іс басқармасы медициналық көмек көрсетудің осы түрін сақтап қалды. Медициналық орталық алдыңғы қатарлы курортология ұйымдары салаларымен әріптестікті нығайтуда.

Медициналық орталық жүйесінде Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы жұмыс істейді. Оның басым бағыттары жоғары технологиялы медициналық құрал-жабдықтарды іздестіру, талдау жүргізу, медициналық-ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды әзірлеу, алып жүру және дамыту болып табылады. Медициналық орталықтың қызметінде алыс-жақын шетелдердегі алдыңғы қатарлы ғалымдардың көмегімен емделушілерге кеңес беруді қамтамасыз ететін, телемедициналық технологиялар, сондай-ақ мамандарды қашықтан оқыту мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылады, Бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілуде.