Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Емханалар

Жалпы мағлұмат
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК

Аурухана туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы Қазақстанның астанасы Алматы қаласынан көшірілуіне байланысты 1997 жылы Астанада ашылды. ҚР ПІБ МО Ауруханасы білікті, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи медициналық ұйым болып табылады.

Біздің ұйым қызметінің басты стратегиялық бағыты – медициналық қызмет көрсету сапасын үздіксіз жетілдіру болып табылады. 2011 жылғы ақпаннан бері Аурухана ISO 9001:2008 халықаралық стандарттарына сәйкестік сертификатын растау үшін қадағалау аудитін сәтті өтіп келеді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы 2016 жылғы 9 сәуірде сапа мен пациенттердің қауіпсіздігінің медициналық стандарттары бойынша JCI халықаралық аккредиттеу сертификатын алды. Қайта аккредиттеу нәтижелері бойынша МОА JCI сертификатын 2019 жылдың 13 сәуірінен 2022 жылдың 12 сәуіріне дейін алды. Аккредиттелген медициналық ұйымдардың тізімін JCI сайтынан табуға болады http://www.jointcommissioninternational.org/about/

Ауруханада 1000 қабылдайтын ауысымды емхана мен 212 төсектік стационар бар. Аурухана штатында медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, жоғары және бірінші біліктілік санатты дәрігерлер жұмыс істейді. Барлық мамандар алыс-жақын шетелдердің жетекші клиникаларында біліктіліктерін жетілдіреді, оқиды.

Миссиясы

Диагностиканың, емдеу мен оңалтудың жоғары технологиялық әдістерін қолданып, тиімді профилактика және медициналық көмек көрсету арқылы халық денсаулығын жоғары деңгейге жеткізу. 

Мүддесі

Сапа мен госпитальдық менеджменттің ұлттық және халықаралық стандарттарына, ғылым, білім беру және инновация саласында лидер болуға негізделген медициналық көмек көрсетудің пациентке бағытталған жүйесімен бірегей көп бейінді клиника.

Қызмет
Аурухана құрылымында 40-тан астам емдік-диагностикалық бөлімшелер, оның ішінде ядролық медицина, жүрек-тамырлық хирургия, интервенциялық кардиология, жасанды бүйрек бөлімшесі, барокамера жұмыс істейді. Бұл бірегей медициналық объектіде әлемнің жетекші медициналық мекемелерінде қолданылатын бір жерге біріктірілген ең үздік емдік, диагностикалық технологиялар жинақталған. Жаңа клиникадағы әлемдік өндірушілерден жоғары технологиялық жабдықтардың алпыс пайызы – ТМД аумағына бірінші жеткізілгендер.

Аурухананың ғылыми қызметінің бағыттары - дербестендірілген медицина, метаболизмдік синдром, геронтология мен қартаюға (тез әжім түспеуге қарсы шаралар) қарсы терапия, фармакогеномика мен онкологиялық аурулардың нозологияға дейінгі профилактикасы және фармакогеномика, роботтандырылған хирургия.

Ауруханада амбулаториялық, стационарлық және оңалту кезеңдерінде негізгі жаңа жоғары технологиялық диагностикалық, клиникалық зертханалық жабдықтарды енгізуге басты көңіл аударылады. Кардиологиялық, эндокринологиялық, неврологиялық және онкологиялық ауруларды, жүрек пен асқазан ауруларын ерте анықтауға арналған бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография, компьютерлік томографиямен үйлескен позитронды-эмиссиялық томография – зерттеудің жаңа диагностикалық радийизотоптық әдістерін қолдануды қарастыратын жаңа стандарттар бойынша превентивті медицина саласында емдік-диагностикалық бағдарламалар әзірлену үстінде.

Қазақстан Республикасында алғаш рет бір мезгілде әртүрлі бейіндегі бірнеше операцияларды жасайтын «Гибридтік операциялық блок» орнатылды. Операциялық блок «Таза орынжай», электрондық басқару жүйесімен, заманауи эндоскопиялық жабдықпен жарақталған. Эндоскопиялық жабдықтың көп түрі мен соңғы буындағы 8 операциялық зал аса күрделі шағын инвазиялық әрекеттерді жасауға қабілетті. Бүгіндері Ауруханада 90%-дан астам операциялар эндоскопиялық технологиялар қолданылып, жасалады. Пайдаланылатын барлық дәрілік заттар Қазақстан Республикасында тіркелген. Диагностика алгоритмдері мен емдеу схемалары дәлелді медицина қағидаттарына негізделген.

Жаңа диагностикалық сәулелік, зертханалық жабдық жасушаларды генетикалық типтеу жобасында жоғары нақтылық пен ақпараттылық зерттеулерін жасауға мүмкіндік береді. Зерттеудің диагностикалық радийизотоптық әдістерін қолданып, жаңа халықаралық стандарттар бойынша превентивті медицина саласында емдік-диагностикалық бағдарламалар жасау орталықтың бірегейлігі болып табылады. Бұл шаралар кардиологиялық, неврологиялық және онкологиялық ауруларды ерте анықтауға көмектеседі. Профилактикалық бағытты кеңейту аясында түрлі бейіндегі «Check-Up» бағдарламалары енгізілді, тұрақты жетілдіріліп тұрады.

Аурухана қызметтерімен нақтырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады https://bmcudp.kz/kz/services/pricelist/3105.
Байланыс

Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 80 

Call Center: +7 (7172) 70-80-90

Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 70-79-12

Жедел жәрдем: +7 (7172) 70-79-03, 70-79-04

Сайт: https://bmcudp.kz/kz/


Жалпы мағлұмат
«Орталық клиникалық аурухана» АҚ

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ – халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызметтердің кең спектрін көрсететін үздік емдік-диагностикалық технологиялары бар еліміздің ең үздік клиникаларының бірі.

 «Орталық клиникалық аурухана» АҚ еліміздегі ежелден келе жатқан медициналық ұйым болып табылады. Аурухананың даму тарихы Қазақстанның барлық денсаулық сақтау жүйесімен тығыз байланысты.

Қазіргі уақытта аурухана өз пациенттерін емдеуді ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді қолданумен ерекшеленеді. Мұнда отандық және шетелдік жаңалықтардың басым бөлігі жүзеге асырылады, көптеген ауру түрлерін диагностикалау мен емдеудің ең алдыңғы қатарлы әдістері енгізіледі.

Ауруханамыздың басты құндылығы ПАЦИЕНТ, оның денсаулығы, оның құқықтарын құрметтеу, сондай-ақ ұжым дәстүрлері, тәлімгерлік, жоғары кәсіпқойлылық, қызметкерлердің моральдық және іскерлік қасиеттері болып табылады.

Қызмет

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ дәрігерлерінің кәсіби командасы келесі бағыттар бойынша білікті көмек көрсетеді:

Параклиника қызметтері:

— Гемотүзету;

— Зертхананың қызметтері;

— Компьютерлік және Магниттік-резонанстық томография орталығы;

— Емдік дене шынықтыру бөлімшесі;

— Патологоанатомиялық бөлім;

— Рентгенология бөлімшесі;

— Ультрадыбыстық диагностика бөлімшесі;

— Физиотерапия бөлімшесі;

— Функционалдық диагностика;

— Эндоскопия бөлімшесі.

Параклиника қызметімен осы сілтеме танысуға болады.

Стационар қызметтері:

— Қабылдау бөлімі;

— Терапия;

— Хирургия.       

Стационар қызметімен осы сілтеме танысуға болады.

CHECK-UP тексеру:

Check-up бұл денсаулықты алдын-ала тексеруге бағытталған кешенді медициналық тексеру. Бұл аурудың дамуын уақытында анықтауға және болдырмауға мүмкіндік береді.

Тексеру Check-up бағдарламалар бойынша жүргізіледі:

— Негізгі;

— Негізгі (барлығы қосылған);

— Тыныс алу (бастапқы);

— АІЖ (бастапқы);

— Несеп-жыныс (бастапқы);

— НС и НСЗ (бастапқы);

— ООДС (бастапқы);

— ССЗ (бастапқы);

— Эндокринді бастапқы.

Дәрігерлер кешені бірлестігі:

Дәрігерлер кешені бірлестігі (ДКБ) емханада 1998 жылдан бері жұмыс істейді. ДКБ 3 дәрігерлік кешеннен, бейінді мамандар бригадасынан және үйдегі стационардан тұрады.

Дәрігерлер кешені бірлестігі тіркелген контингентке, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді, медициналық көмектің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Дәрігерлер кешені емдік-профилактикалық жұмыспен айналысады, кешенді профилактикалық медициналық тексеруді, динамикалық диспансерлік бақылауды, диагностика мен емдеуді, сондай-ақ тіркелген контингенттің аурушаңдығын, мүгедектігі мен өлім жағдайын азайтуға бағытталған оңалту іс-шараларын уақытылы жүргізуді ұйымдастырады. Бейінді мамандар бригадасы тіркелген контингентке  консультациялық-диагностикалық және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

ДКБ-ның басым бағыттарының бірі үйде қызмет көрсету (үйде стационар ұйымдастыру) болып табылады. Үйдегі стационар пациенттерге  стационардан кейінгі емді, ауруханаға келуге қиындық туғызатын органдар функцияларының бұзылысы кезінде инфаркт пен инсульттен кейінгі ем алуды ұйымдастырады.

Шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету бөлімшесі:

Жедел медициналық көмек көрсету тактикалық қателіктерді жояды және пациенттердің қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Алматы қаласының орталығында орналасуы шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Бөлімше жазатайым жағдайларда және үйде, көшеде, жұмыс уақытында, түнгі уақытта, жаппай улану кезінде және басқа жағдайларда туындаған  кенеттен болған ауыр аурулар кезінде ересек адамдарға жедел медициналық көмек көрсету үшін ұйымдастырылған.

Бөлімше:

— Шұғыл түрде, тәулік бойғы режимде;

— Науқаспен әлеуметтік ілесіп жүру және кез-келген тасымалдау (үйден және/немесе стационардан басқа мекемеге, т/ж вокзалы, әуежай, тұратын және емделетін орынға);

— Пациентпен Қазақстан аумағында медициналық бірге жүру;

— Емшара қызметтері (ЭКГ, глюкометрия, барлық инъекция түрлері).

Күндізгі стационары бөлімшесі:

Күндізгі стационар 3 ауысымда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.

Осыған байланысты пациенттер жұмыс күндері сағат: 08:00-ден 11:00-ге дейін; 12:00-ден 15:00-ге дейін; 16:00-ден 19:00-ге дейін өздеріне ыңғайлы уақытта емделуге келе алады. Бұл, әсіресе, жұмыстан қол үзбей емделуді қажет ететін пациенттер үшін өте ыңғайлы.

Бөлімшеде мол жұмыс тәжірибесі бар, біліктілігі жоғары дәрігер-терапевтер жұмыс істейді. Біз Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға сәйкес ішкі органдарының аурулары бар пациенттерді диагностикалаймыз және емдейміз. Пациенттерді тиісті бейінді мамандардың тағайындаулары бойынша неврологиялық, урологиялық, хирургиялық бейінде емдейміз.

Біз Сіздерге үйден және өндірістен қол үзбей, толық көлемде, жайлы ем қабылдауды ұсынмыз.

Медициналық қызметтер орталығы:

23 медицина мамандығы бойынша терапевтен бастап аясы тар барлық мамандарға дейін көрсетілетін консультациялардың кең спектры денсаулыққа байланысты туындаған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Мамандарымыз әрбір пациентке жекелей қызмет көрсетеді. Бөлімше құрылымында функционалдық диагностика, УДЗ-диагностика, дуоденальды зонттау, емшара және т.б. кабинеттері бар. Бөлімше жанында операция және байлап-таңу кабинеттері бар амбулаториялық орталық бар.

Емхана мамандарының тізбесі:

— терапевт;

— кардиолог;

— эндокринолог;

— невропатолог;

— уролог;

— нейрохирург;

— травматолог;

— психолога;

— психотерапевта;

— гинеколог және т.б.

Стоматология бөлімшесі:

Бөлімше қызметкерлері:

— Сіздің тістеріңіз бен қызыл иегіңізге сапалы, ауырсындымайтын диагностика жүргізеді;

— Шыңдалған шеберліктен өткен және ауыз қуысын емдеудің барлық жаңа әдістерін меңгерген;

— Сізді өте жайлы  стоматологиялық кабинеттерде қабылдайды;

— Заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша: +7 (727) 261-04-50

Эстетикалық косметология орталығы:

Ауруханасының жоғары санатты косметологтары әрбір пациентке кәсіби медициналық тәсілдермен жекелеген күтім таңдауға көмектеседі.

Біз сіздерге:

– француз космецевтикасымен күтім (тазалау, массаж, безеу ауруларын емдеу);

– аппараттық (RF-lifting, оттегі терапиясы);

– сертификатталған препараттарды қолдана отырып, инъекциялық (диспорт, жіп, мезотерапия, контурлық пластика) процедураларын ұсынамыз.

Күндізгі стационары бар аллергоорталық:

Аурухананың күндізгі стационары бар аллергоорталығы JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік береді, JCI – бұл денсаулық сақтау саласындағы барынша объективті және беделді халықаралық сертификаттау, сапаның «алтын стандарты» болып есептеледі және медициналық ұйымның әлемдік деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға сәйкестікті, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестікті растаушы болып табылады.

Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс және корей PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.

Байланыс

Қазақстан Республикасы, 050091 Алматы, Панфилова к. 139

Call center: +7 (727) 261-04-50 (тәулік бойы)

Дәрігерлік жәрдем беру орны: +7 (727) 261-97-10 

Тізілім: +7 (727) 261-97-71, 261-27-56, 261-28-69 

Сайт: sovminka.kz

Facebook: Sovminka.kz

Instagram: Sovminka