Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

kokshetautv.kz: Экологиялық заңнаманы бұзу дерегі көбейген

2021-08-23 «Бурабай»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында  экологиялық рейд өткізілді. Оған парк қызметкерлерінен бөлек Ақмола облыстық табиғатты қорғау инспекциясының мамандары мен орманшылар қатысты. Бірлескен іс-шара барысында экологиялық заңнаманы  бұзғандар анықталды.
Жыл басынан бері «Бурабай» мемлекеттік  ұлттық табиғи паркінде  табиғатты қорғау заңдылығын бұзудың 51 дерегі анықталып, 531 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Тазалық пен өрт қауіпсіздігін сақтамау негізгі себеп. Мамандар экологиялық ахуалды ғана емес, карантиндік талаптардың да сақталуын қадағалайды.
АРМАН ТҰРЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: «Рейд барысында экологиялық заңнаманы бұзудың 1 фактісі  анықталды. Жеке тұлғаға қатысты хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды. Рейдтік мақсат жазалау емес, халықтың қоршаған ортаны сақтауға деген сезімін ояту. Өзен, көлдер болсын жағалауларында демалған адамдар пластикалық бөтелке, пакеттер, тамақ қалдықтарын тастап кетеді. Бұл шаралардың барлығы туристердің қауіпсіздігі үшін жасалып отыр».
Айта кетейік, жыл басынан бері біздің өңірге 300 мыңға жуық турист қыдырып келген. 
АРМАН ТҰРЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: «Жаз басталғалы бері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 15 мыңға жуық турист келді. Олардың арасында күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бізде 80-ге жуық ақпараттық аншлаг пен баннер орнатылған. Ол жерде паркте жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері жазылған».
Мамандардың пікірінше, бұл мәселені шешудің жолдары өте көп. Егер шектен шығып бара жатса, соңғы шара айыппұл салу. 
Салтанат Сәрсембайқызы
Медет Қайыркенов, «Көкше ақпарат»
https://kokshetautv.kz/kz/news/society/ekologiyalyk-zannamany-buzu-deregi-kobeigen

Тізімге оралу