Карантинді сақтау шараларына қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Бас санитариялық дәрігерінің 16.08.2022ж. Қаулысына сәйкес орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволық мекемелерде COVID-19-дың таралу салдарын болдырмау мақсатында келесі іс-шараларды орындау тапсырылады.

  • Мемлекеттік органдардың (ведомстволардың) жұмысын штаттық режимде қамтамасыз ету. Тәуекел тобындағы адамдарға (жүкті әйелдер, КВИ-ға қарсы вакциналауға және қайта вакциналауға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар тұлғалар) қашықтық форматта жұмысты тоқтату. ЖРВИ, тұмау белгілері бар тұлғалар дереу жұмыстан шеттетілін (фильтр -кабинетке жіберіледі).
  • COVID-19 расталған жағдайы бар байланыста болған тұлғаларға  еңбекке жарамсыздық парағын ашпай, ПТР-тест тапсырмай, 3 күн мерзімге қашықтықтан жұмыс істеу форматын қамтамасыз етсін. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адамға COVID-19-ға тексеру жүргізу үшін аурухананың фильтр-кабинетіне жүгіну қажет;
  • COVID-19 зертханалық расталған жағдайы бар адамдар анықталған сәттен бастап 10 күнге үй карантиніне оқшауланып, еңбекке жарамсыздық парағын ашады;
  • Егер қаланың басқа зертханаларында анықталған  COVID-19 зертханалық расталған жағдайы бар тұлғалар ,  еңбекке жарамсыздық парағын ашу және бақылауға алу үшін тіркелген жері бойынша учаскелік терапевтке хабарлауы қажет;
  • Мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында кеңестер, отырыстар, конференциялар, алқалар және басқа да бұқаралық іс-шараларды бетпе-бет (офлайн) форматта өткізуге рұқсат ету. Қатысушылардың саны 10-нан асқанда бетпреде режимі ұсынылады;
  • Мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында азаматтарды қабылдауды жүргізуге рұқсат ету;
  • Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды сақтай отырып, мемлекеттік органдардың жұмысын жалғастыру:
  • Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау (қолды жиі жуу, санитайзерлерді, қолды өңдеуге арналған жеке антисептиктерді пайдалану);
  • Мемлекеттік органдардың үй-жайларында вирусқа қарсы әсері бар дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күніне кемінде 2 рет жиі желдете отырып, күнделікті ылғалды тазалауды жүргізуді жалғастыру; -CОVID-19-ны жоққа шығармайтын ЖРВИ, тұмау белгілері пайда болған жағдайда жұмыс орнынан дереу кету;
  • Әріптестерінде CОVID-19-ды жоққа шығармайтын ЖРВИ, тұмау белгілері пайда болған жағдайда жұмыс орнынан кетуге және медициналық көмекке жүгінуге кеңес бере отырып, басшылыққа дереу хабарлау;
  • Санитайзерлерді уақытылы толтыру;
  • Алыс және жақын шетелден келген адамдарға өз қаражаты есебінен үшінші күнге ПТР-тест тапсыра отырып, 3 күн мерзімге үйде міндетті оқшаулауды қамтамасыз ету. ПТР-тестінің теріс нәтижесі кезінде жұмысқа еркін шығу қамтамасыз етіледі;
  • ОМО әкімшілік ғимараттарындағы шағын лифт кабиналарына қатысты шектеулерді тоқтату;
  • Міндетті түрде бетперде режимін сақтауды қамтамасыз етуді тоқтату.  Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде режимі ұсынылады. 
Материалды әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: