Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылу күні:  19.03.2021


Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

 

"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына және 134-бабының 2- тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы №1212 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

реттік нөмірі 7 жол алып тасталсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                          А. Мамин


Тіркеме Көлем
КҚҚҰ.docx 13.38 КБ
Түсіндірме жазба.docx 25.49 КБ
салыстыру кестесі.docx 16.03 КБ


Тізімге оралу