ШЖҚ «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК

auto.umto.kz

Мекеме жайлы

"МҚТБ Автошаруашылығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорын "Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық Басқармасының Автошаруашылығы " республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 ақпандағы № 95 қаулысына сәйкес құрылды. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 886 қаулысына сәйкес кәсіпорын "материалдық-техникалық қамтамасыз ету Басқармасының Автошаруашылығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.