Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:

Көлiктік қызмет көрсету

     ҚР ПІБ Автошаруашылығының заңды және жеке тұлғаларға, шетелдік делегацияларға қауіпсіз әрі үздіксіз көліктік қызмет көрсете алатындай барлық қажетті инфрақұрылымы бар.
     Кәсіпорын жолаушыларды тасымалдау бойынша сенімді өнім беруші ретінде қызмет көрсететін беделге ие және тапсырыс берушінің сенімін ақтайды.   
     Мұнда Сапа менеджменті жүйесінің стандарттары енгізілген және іске асырылып жатыр. 
     Автопаркте өкілдік (Mercedes-Benz S500, S560, Kia Quoris) және бизнес (Mercedes-Benz E200, E300, Toyota Camry, Kia Cadenza, Kia Optima) класты автомобильдер, жабдықталған Toyota Hiace, Mercedes-Benz Sprinter, Hyundai H-350 микроавтобустар және Toyota Coaster, Hyundai County, Hyundai Universe (Space, Aero-City) автобустар бар.
     Кәсіпорынның тарифтері Нұр-Сұлтан қаласындағы көліктік қызмет көрсету нарығында бәсекеге қабілетті және көрсетілетін қызметтер сапасына сәйкес келеді. 
     АО «НК «Kazakh Invest», АО «НК «QazExpoCongress», АО «НУХ «Бәйтерек», АО «KEGOC», АХҚО Әкімшілігі және Соты, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар біздің серіктестеріміз болып табылады. 

     Байланыс құралдары:
     Кәсіпорынның веб-сайты: http://autoudp.kz/
     Маркетинг бөлімі: тел. 74-49-65, +7 (700) 880-10-18 (Әділ Асқарұлы), autoudp.kz@gmail.com