«Бурабай даму» ЖШС

1. Ұйымның толық атауы:

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2. Басшысы: Сыздықов Қайрат Байдуллаұлы – бас директоры

Адилов Руслан Амангелдыұлы –  бас директордың экономика бойынша орынбасары

3. Ұйымның құрылған жылы: «Бурабай даму» ЖШС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №105 қаулысы негізінде құрылған.

4. Қызмет саласы: Қазақстан Республикасы Іс Басқармасының Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы объектілерін күтіп ұстау және пайдалану,2015 жылғы 3 маусымдағы № 15010457 лицензия негізінде жүзеге асырылатын операторлық қызметі «Бурабай даму» ЖШС қызмет саласы болып табылады.

5. Көрсетілетін қызметтер:

«Бурабай даму» ЖШС туристік қызметтер көрсетеді және келушілердің мәдени демалуына арналған бірқатар объектілер бар:

1. Табиғат мұражайы Бурабай курорттық аймағының визит карточкасы,мәдениет ошағы және отбасылық демалу орны болып табылады, оның міндеті Щучье-Бурабай курорттық аймағының жануарлар мен өсімдіктер әртүрлілігі және табиғи ерекшеліктері туралы келушілердің білімін кеңейту және экологиялық ағарту болып табылады.

2. Абылай хан атындағы Экспозициялық кешен өскелең ұрпақты Қазақстанның бай тарихи және рухани мұрасымен таныстыру, ұлттық сана-сезімді тәрбиелеу міндетін атқарады.

3. Лапландия ертегі қалашығы таза ауада спортпен шұғылдануды және белсенді демалуды жақсы көретін адамдарға кең мүмкіндік береді. Қысқы уақытта мұнда солтүстік бұғылары, хаски тұқымды иттер жегілген шана тебуге болады. Жазда велосипед, қайық және қатамаранмен серуендеуге болады.

4. Жалға беру орындары белсенді демалу үшін жасалған, олардан велосипедтерді жалға алып,арнайы веложолдар арқылы серуендеуге болады.Сонымен қатар, коньки,шаңғы,шана,катамаран және қайықтар бар.

6. Ұйымның сипаттамасы:

«Бурабай даму» ЖШС Қазақстан Республикасы Президенті Іс БасқармасыныңШучье –Бурабай курорттық аймағының аумағындағы объектілерін күтіп ұстаумен және пайдаланумен, туристік-операторлық қызметпен айналысады.

«Бурабай даму» ЖШС миссиясы Щучье-Бурабай курорттық аймағының жағымды туристік имиджін қалыптастыруға, ел тұрғындарының барлық санаттарына қолжетімді сапалы демалуды ұйымдастыруға барынша ықпал ету болып табылады. «Бурабай даму» ЖШС курорттық аймақта көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және олардың түрлерін көбейту есебінен туризм дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде.

7. Мекенжайы: Ақмола облысы,Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі,38

8. Электрондық поштасы: burabaydamu@mail.ru

9. Веб-сайты: www.burabay-damu.kz

10. Байланыс телефоны: қабылдау бөлмесі / факс 8 716 36 1 17 80


Тізімге оралу