«ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК

«ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК

1. Ұйымның толық атауы:

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2. Басшысы: Ергазы Оразбаевич Инербаев – директор

3. Басшының орынбасарлары:

- Тулебаев Мурат Болатович – директордың бірінші орынбасары;

- Смагулов Абдулла Кабиденович – директордың орынбасары;

- Борамбаев Нұрлан Оралбекұлы - директордың орынбасары;

- Касенов Талғат Амангелдыұлы - директордың орынбасары.

4. Ұйымның құрылған жылы:

ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қазандағы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Парламенті мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарына қызмет көрсету дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы қаулысына сәйкес құрылды.

5. Қызмет саласы:

Қызметтік ғимараттарды пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін мен Үкіметін жабдықтау функцияларын орындау

6. Берілетін қызметтер:

1) «Ақорда» резиденциясы мен «Үкімет Үйі» ғимаратын, сондай-ақ Кәсіпорын теңгеріміндегі және Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынға қызмет көрсетуге берген басқа да ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;

2) Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Кәсіпорын қызмет көрсететін ғимараттарда өткізетін мәжілістерге, конференциялар мен басқа да ресми іс-шараларға қызмет көрсету;

3) «Ақорда» резиденциясы мен «Үкімет Үйі» ғимаратын, оның ішінде олардың қызметтік пен өндірістік орынжайлары мен құрылыстарын жиһазбен, еден төсеніштерімен, кілем бұйымдарымен, есептеуіш техника құралдарымен, ұйымдастыру ісі техникасымен, баспа өнімімен, кеңсе, санитарлық-тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық заттармен, парфюмерия өнімімен жабдықтау;

4) Кәсіпорын қызмет көрсететін ғимараттарды, инженерлік жүйелер мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру;

5) қызметтік пен өндірістік-техникалық орынжайларды, жалпы пайдалану орындарын тазалау және күтіп ұстау, аулалар мен іргелес аумақтарды, гүлзарларды, көгал алаңдары мен жасыл екпелерді абаттандыру;

6) Тиісті саланың уәкілетті органы үшін жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстарды орындау кезінде тапсырыс беруші болу және шарттар жасау;

7) баспа қызметін жүзеге асыру;

8) қызмет көрсететін ғимараттарда медициналық көмек көрсету пунктін ұйымдастыру.

7. Ұйымның сипаттамасы:

Дирекция жалпы ауданы 370 561 шаршы метр болатын 7 ғимаратқа қызмет көрсетеді, олар: Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» Резиденциясы, Үкімет Үйі, Министрліктер Үйі (еліміздегі ең үлкен кеңселік ғимарат), Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссияның әкімшілік ғимараты.

Республика даңғылы 62 мекенжайында Баспа-полиграфия орталығы орналасқан, онда Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы мен қаулылары, «Мирас» журналы және басқа да Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің тапсырысы бойынша басылымдар шығарылады.

Кәсіпорынның штаттық саны 1790 адамды құрайды, олардың 61%-ның жоғары және орта арнаулы білімі бар.

8. Мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, 
Мәңгілік ел даңғылы 6, «Үкімет Үйі»

9. Электрондық пошта: directorate@dazudprk.kz

10. Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлмесі: 
«Үкімет Үйі», к.Б101 
телефон: 8(7172) 745031 
факс: 8(7172) 745170

12. Сертификаттар, лицензиялар:

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің 2012 жылғы 01 тамызда берген иондалған сәуле шашатын құралдар және қондырғылармен жұмыс істеуге арналған мемлекеттік лицензиясы бар.

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Басшылардың

аты-жөні

Лауазымы

Кабинет нөмірі

Қабылдау күні, уақыты

Ергазы

Оразбаевич

Инербаев

Директор

Б101а

Әр айдың үшінші сәрсенбісі

сағ. 17.00-18.00

Мурат

Болатович

Тулебаев

Директордың бірінші орынбасары

Б101б

Әр айдың бірінші дүйсенбісі

сағ. 17.00-18.00

Абдулла

Кабиденович

Смагулов

Директордың орынбасары

Б103

Әр айдың соңғы жұмасы

сағ. 17.00-18.00

Нұрлан 

Оралбекұлы 

Борамбаев 

Директордың орынбасары

Б102

Әр айдың төртінші бейсенбісі

сағ. 17.00-18.00

Талғат 

Амангелдыұлы 

Касенов 

Директордың орынбасары

Б105

Әр айдың екінші сейсенбісі

сағ. 17.00-18.00


Қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі, қабылдау бөлмесі т. 74-50-31


Ұйым сатып ал: «Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК

Тізімге оралу