Іс Басқармасының шахматшылар командасы ведомстволық турнирде үшінші орынға ие болды

2019-05-25

       Шахматтан өткен турнирде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы үшінші орын алды. Біздің спортшыларымыз Мереке Тутанов пен Жанайдар Рахымбаев қарсылас он командамен ойын өткізді.


       Жастар жылына арналған турнирге төмендегі командалар қатысты:

№1 команда: ҚР Президентінің Іс Басқармасы;

№2 команда: ҚР ПІБ Медициналық орталығы;

№3 команда: Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы;

№4 команда: Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы;

№5 команда: ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы;

№6 команда: ҚР ПІБ Автошаруашылығы;

№7 команда«Бүркіт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

№8 команда: «Қазқұрылыс» акционерлік қоғамы;

№9 команда: ҚР Президентінің Телерадиокешені;

№10 команда: ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы;

№11 команда: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры.

   Турнирде Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы командасының ойыншылары Серік Әбдірахманов пен Абылай Мұхамедкәрім бірінші орын алды.

     Екінші орынды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры командасынан Дамир Нұрмұқанов пен Жақсылық Сәбитов иеленді.

  Үшінші орынға талас үш команда, яғни ҚР Президенті Іс Басқармасы, Инженерлік-техникалық орталық пен Автошаруашылық командаларының арасында өтті. Жеке есеп нәтижелері бойынша үшінші орынды Іс Басқармасы жеңіп алды.


    Шахмат турнирі Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдары командаларының арасында өтетін жылсайынғы спартакиаданың бөлігі болып табылады. Жыл бойы мини-футбол, баскетбол, үстел теннисі, бильярд және боулингтерден турнирлер өтеді.


Тізімге оралу