ҚР ПІБ Конституция күніне орай шахмат турнирін өткізді

2018-08-26

ҚР Президенті Іс Басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлері Конституция күніне арналған шахмат турниріне қатысты.

UEK_4508.jpg

Қатысушыларды гроссмейстер, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Дәрмен Сәдуақасов құттықтады. Ол шахматқа қызығушылық танытқандары үшін ойыншыларға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

UEK_4613.jpg

UEK_4643.jpg

Жарысқа барлығы 12 команда қатысты. Ойын швейцариялық жүйемен, яғни командалар шығарылмай жүргізілді.

UEK_4790.jpg

UEK_4860.jpg

Турнирдің қорытындысы бойынша «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ шахматшылары ең үздік атанды, екінші орынды «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету» ММ ойыншылары жеңіп алса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының командасы қола жүлдені иеленді.


Тізімге оралу