Министрліктер үйінде спорт залдары ашылды

2018-08-09

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы мемлекеттік қызметшілерді қолдау мақсатында Министрліктер үйі ғимаратында төрт спорт залын ұйымдастырды. Енді қызметкерлердің осы әкімшілік ғимараттың төрт блогінде спортпен шұғылдануларына мүмкіндіктері бар.

KZK_4863.jpg

KZK_4864.jpg

Залдар жаттығудың барлық бұлшықет топтарына арналған қазіргі заманғы кардиотренажер құралдарымен жарақтандырылған, душ кабиналары мен киім ауыстыру орындары бар. Жаттығулар кәсіби спорт нұсқаушыларының сүйемелдеуімен өтеді.

KZK_5081.jpg

Бұл жоба сананы жаңғыртудың «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Президентінің ұлтты үйлесімді дамытуға бағытталған саясатының шеңберінде әзірленіп, іске асырылды.

KZK_5046.jpg

KZK_4927.jpg

Спорт залдарының ашылу салтанатына Іс Басқармасының аппарат басшысы Азамат Әмірғалиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева, Мәдениет және спорт министрлігінен Қуатжан Уәлиев, Президент Әкімшілігі мен министрліктердің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

KZK_4918.jpg

Мемлекеттік қызметшілерге арналған денсаулықты қолдау жобасы биыл Қазақстанда 19 тамызда атап өтілетін Спорт күні қарсаңында іске қосылды.


Тізімге оралу