ҚР ПІБ Ядролық медицина орталығының құрылысын бастауға кіріседі

2018-06-05

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін Циклотронды-өндірістік кешенімен ядролық медицина орталығын салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестициялық жобасына

бастамашылық жасау туралы

ХАБАРЛАМА


          «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                  44 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әлеуетті жеке әріптестің «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ-дағы РМК үшін Циклотронды-өндірістік кешенімен ядролық медицина орталығын салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестициялық жобасына бастамашылық жасалғаны туралы хабарлайды                       (бұдан әрі - Жоба).


 Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері мен бюджеттен сұралатын төлемдер


         Жалпы аумағы 3500 м2 болатын циклотронды-өндірістік кешенімен ядролық медицина орталығын салу келесіні қамтиды:

- Циклотронды бункері, синтездеу зертханасы, буып-түю мен сапасын бақылау зертханасы бар өндірістік блогы;

- ПЭТ/КТ, ОФЭКТ/КТ аппараттары мен қажетті арнайы орындары бар диагностикалық блогы;

Жоба техникалық жағынан күрделі болып саналады.

Жеке әріптестің инвестициялық шығындарын өтеу нысан пайдалануға берілгеннен кейін 3 жыл бойы жүргізіледі.

Жоба шеңберіндегі мемлекет міндеттемесінің болжамды сұралатын құны 9 186 554,4 мың теңгені құрайды.

 

Балама ұсыныстар мен әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар

 

Жобаға қатысу үшін әлеуетті жеке әріптестер Заңның 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келулері қажет.

Берілген балама ұсыныстары осы Хабарламада, және де Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 25-қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларын жоспарлау мен жүзеге асыру қағидаларының 130-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы қажет.

  

Координаттары және Жоба шеңберінде ақпарат беру мерзімдері

 

010000, Қазақстан Республикасы

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 12-кіреберіс

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы» ММ

тел. +7 (7172) 74-17-47.

Бекбосынова Камиля Диханбайқызы

Эл.пошта: Bekbosynova_KD@udp-rk.kz

Ақпарат осы Хабарлама жарияланған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.


Тізімге оралу