«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Автошаруашылығы» РМК-да 20 жылдық мерейтойын атап өтті

2017-08-25

«ҚР Президенті Іс Басқармасының Автошаруашылығы» РМК-да Кәсіпорынның құрылуына 20 жыл толуына байланысты, салтанатты жиналыс өтті.

UEK_9701.jpg

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының атынан құттықтау хатын ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Б.Қ.Князбаев оқыды.

Қазақ Елі үшін тағдырлы шешімдердің, тарихи табыстардың кезеңінде құрылған Автошаруашылық кәсіпорны бұл күні Іс Басқармасы жүйесінде өзіне лайықты орын алған, қуатты, жоғары білікті мамандармен, жүргізушілер құрамымен, шетелде және елемізде жасалған озық үлгідегі автоколікпен қамтамасыз етілген, аса күрделі қызмет атқаратын кұрылымға айналды туралы құттықтауда айтылған.

UEK_9867.jpg

UEK_9919.jpg

UEK_9998.jpg

Салтанатты жиналыста Кәсіпорын қызметкерлері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

UEK_0103.jpg

1997 жылғы 27 тамызда № 1289 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ««ҚР Президенті Іс Басқармасының Автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылған.


Тізімге оралу